Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2018

Петропавлда тарихи ғимарат өртке оранды

362 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Евразия» базары аумағындағы  мейрамханада өрт шығып, 32 адам құтқарылды.

Петропавлда тарихи ғимарат өртке оранды

«Тілсіз жауды» ауыздықтауға 20-дан астам техника мен 70-ке жуық  құтқарушы жұмылдырылған. 

Ел аузында кәсіпкерлігімен, меценаттығымен аты шыққан көпеске байланысты «Муратовтың диірмен» атанып кеткен көне ғимарат осыдан бір ғасыр бұрын салынған. Сирек сәулет ескерткіші жақында ғана қалпына келтіріліп, жұртшылық дем алатын, көғңіл көтеретін орынға айналдырылған.       

Бір бөлігінде түрлі кеңселер, ателье, салондар орналасқан. Қазір келтірілген залал мөлшері есептелуде.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы