Қазақстан • 11 Желтоқсан, 2018

Биылғы мемлекеттік бюджеттің орындалу қорытындылары қаралды

337 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет отырысында еліміздің биылғы 11 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы және мемлекеттік бюджеттің орындалу қорытындылары қаралды. Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев министрліктер басшылары мен өңірлер әкімдерінің баяндамаларын тыңдағаннан кейін бірқатар тапсырмалар берді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Биылғы мемлекеттік бюджеттің орындалу қорытындылары қаралды

Премьер-Министр 11 айдың қорытындысы оң даму қарқынын көрсетіп отырғанын атап өтті. Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыруды жалғастыруда. Көлік және сауда салаларында қол жеткізілген жоғары нәтижелер аталып өтті. Бұған қоса, өнеркәсіптік дамуға қосымша серпін беруге тиісті байланыс және құрылыс салаларына ерекше көңіл бөлу тапсырылды. Жыл қорытындысында ЖІӨ өсімін 4% көлемінде қамтамасыз ету бойынша Елбасы тапсырмасын іске асыру үшін барлық мүмкіндіктер бар.

Қаржы министрлігінің бюджеттің атқарылуы мәселесі бойынша мәліметтеріне сәйкес, республикалық бюджетті игеру үшін барлық жағдайлар жасалған. Жыл қорытындысы бойынша бюджет шығыстары 99,6%-ға орындалады, өңірлер бойынша 1,8 млрд теңге көлемінде игермеу орын алуы мүмкін. Бірақ, отырыс барысында облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері баяндағандай, бюджет қаражатын толық игеруге мүмкіндік бар.

Премьер-Министр Б.Сағынтаев Мемлекет басшысының тапсырмасы орындалуы керектігін атап өтті. Келесі Үкімет отырысында бұл мәселе, сонымен қатар қойылған міндеттерді орындау бойынша орталық мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің жұмыс қорытындылары қаралатын болады.