Әлем • 12 Желтоқсан, 2018

Time журналы Жамаль Хашогги мен журналистерді «Жыл адамы» деп таныды

571 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Time журналы Жамаль Хашогги мен журналистерді «Жыл адамы» деп таныды

«Адамдарға берілетін дарын сияқты, батылдық та бізге әр түрлі деңгейде және әр түрлі сәттерде келеді» деп жазды Time журналының бас редакторы Эдвард Фелсенталь. «Осы жылы біз төрт журналист пен бір ақпараттық ұйымды «Жыл адамы» деп таныдық: Олар Жамаль Хашогги, Мария Ресса, қызметкерлері Ва Лон мен Кья Со және Capital Gazette.

Сондай-ақ Эдвард Фелсенталь оларды «сақшылар» деп атады. Журнал тарихында алғаш рет мұқабасына «Жыл адамы» ретінде өмірден өткен журналисті шығарды. Бұл Сауд Арабиясының журналисі, осы жылдың қазан айында Сауд Арабиясының Стамбулдағы елшілігінде аяусыз өлтірілген Жамаль Хашогджи.

Сондай-ақ, «Жыл адамы» атағына  Reuters агенттігінің қызметкерлері Ва Лон мен Кья Со лайық деп танылды. Олар Мьянмадағы рохинджа халқының жағдайын жария еткені үшін және мемлекеттік құпия туралы заңды бұзды деп жеті жылға сотталды.

Филиппин президенті Родриго Дутертенің «есірткімен соғыс» жоспарын сынға алған филиппиндік журналист Мария Ресса де марапатталған журналистер қатарында. Қараша айында оған салықтан жалтарғаны үшін айып тағылған, ол өзіне тағылған айыпты саяси астары бар деп ойлайды.

Маусым айында шабуыл жасалған американдық Capital Gazette басылымының редакциясы да үздіктер тізімінде. Осы шабуыл кезіндегі қайғылы жайттан соң АҚШ журналистер өміріне қауіпті мемлекеттердің ішінде төртінші орнына жайғасты.

 

Дайындаған Мәдина ЖӘЛЕЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше