Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2018

Алматыда ІІ Жалпыұлттық керлинг фестивалі өтіп жатыр

430 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері «Almaty Arena» спорт кешенінде ІІ Жалпыұлттық керлинг фестивалі өтіп жатыр. Айтулы жарыста Алматы қаласы мен республикамыздың тоғыз облысынан келген командалар сапында 300-ге жуық спортшы өнер көрсетуде.

Алматыда ІІ Жалпыұлттық керлинг фестивалі өтіп жатыр

Жарыстың ашылу салтанатында Алматы қаласы Дене шынықтыру жəне спорт басқармасының бастығы Рүстем Байсейітов, Астана қаласы керлинг федерациясының вице-президенті Гүлмира Тұрлыханова жəне Маңғыстау облысы керлинг федерациясының президенті Михаил Устинов сөз сөйлеп, спортшыларға сəттілік тіледі.

Елімізде керлингтің беделі уақыт озған сайын артып келе жатқанына сан мың жанкүйер куә. Бұл жолы біз кешенді турнир өткізуді жөн көрдік. 9 желтоқсанда басталған бәсекелер 21 желтоқсанға дейін созылады. Сол уақыт аралығында жасөспірімдер біріншілігі мен Алматы қаласының ашық чемпионаты барысында мықтылар анықталады. Фестиваль аясында біз нұсқаушыларға семинар өткізіп, кембағал жандар, есту және сөйлеу қабілеті нашар адамдарға керлинг үйретеміз. Сонымен қатар, қысқы спорт түрлерінен Олимпиадалық даярлау орталығының жастар командасы желісі бойынша оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылуда. 2019 жылдың ақпан айында Қазақстан Республикасының ІІІ қысқы Жастар ойыны өтетіні өздеріңізге мәлім. Сол жарыстың бағдарламасына керлинг те кірген. Сол бәсекелерде табысты өнер көрсеткен өрендер алдағы уақытта халықаралық додаларда ел намысын қорғайтын болады, – дейді Қазақстан керлинг қауымдастығының бас хатшысы Виктор Ким.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар