Қазақстан • 13 Желтоқсан, 2018

Жайықта балық қырылуының жаңа фактілері тіркелген жоқ

501 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жайық өзені мен жақын жатқан арналарда балықтың қырылуының жаңа ошағы тіркелмеген, уәкілетті органдар өзенді өлген балықтан тазартуды жалғастыруда, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жайықта балық қырылуының жаңа фактілері тіркелген жоқ

- Әлеуметтік желіде таралған бекіре тұқымдас балықтардың қырылуы туралы бейнежазба бір апта бұрын Жайық өзеніндегі балық шаруашылықтарының бірінде түсірілген. Бұл жалпыға белгілі факт. Бүгінгі күні балықтың қырылуының жаңа фактілері тіркелген жоқ. Ахуал тұрақты. Қазіргі уақытта мамандардың бағалауы бойынша су балық үшін қауіпсіз. Жоғарыда аталған жағдай бойынша қылмыстық іс тіркеліп,  Жайыққа су ағызатын құрылғылары бар барлық кәсіпорындарға жоспардан тыс тексеру жүргізілуде, - деді Арман Молдашев.

Қазіргі уақытта ведомствоаралық комиссия Жайықта балықтың жаппай қырылу себептерін анықтауда. Балықтың қырылу фактісі бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. Мамандар жақын арада Жайық өзеніне су ағызатын құрылғылары бар барлық кәсіпорындарды тексереді. Бұған дейін Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мамандары хабарлағандай Жайық өзенінің суы тұрғындар үшін қауіпсіз.