Жаңа сандық сервистерді таныстырды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей қолдауымен жүзеге асып жатқан «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының орындалуына еліміздегі екінші деңгейлі банктер де үлес қосуда. Айталық, күні кеше Астана қаласында екінші ForteDay өтті. Тұсаукесерде қазақстандықтарға – тек ForteBank клиенттеріне ғана емес, сонымен қатар банктік қызметтердің барлық пайдаланушыларына өмір сүруді жеңілдететін жаңа қызметтер мен банктің жаңартылған сервистері ұсынылды. ForteDay жылына екі рет өтеді, осы жолғы қысқы іс-шарада банк өкілдері іске қосылған инновациялық қызметтер туралы айтты.

Егемен Қазақстан
13.12.2018 109
2

ForteBank өзінің мобильдік қосымшасына augmented reality (AR) технологиясын енгізді. Ar көмегімен клиенттер жақын жердегі банкоматты, бөлімшені таба алады, банк серіктестерінен қызықты ұсыныстарды көре алады, өз табыстары мен шығындарын әртүрлі деңгейде тексере алады.

"ForteBank клиенттері үшін үздік инновациялық қызметтер жасауға ұмтылады. Біз кез келген банктің клиенттері пайдалана алатын қосымшаны әзірледік және қосымша нақтылық технологиясын өз қосымшасына енгізген бірінші банк болдық. Осы жылы біздің клиенттеріміз екі есе көп төлем жасап, ұялы қосымшадағы аударымдардан үш есе көп ақша жинады, ал телефонға жүктелген қосымшалар саны 1 000 000-нан асты", дейді ForteBank басқармасының төрағасы Гурам Андроникашвили.

Банктің мобильді қосымшасына Talk in атты виртуалды көмекші қосылды, ол банк өнімдеріне қатысты сұрақтарға жауап береді. Сондай-ақ, пайдаланушылар Қазақстанда немесе шетелде болғанына қарамастан, интернет трафигі болмаған жағдайда да жақын туыстарымен және достарымен қолданба чатында сөйлесе алады.

Онлайн несиелеу қызметі ForteBank клиенттеріне қолжетімді. Егер бұрын клиент қажетті нысандарға қол қойса, онда ол 5 минут ішінде мақұлданған соманы біліп, банк бөлімшесіне бармай-ақ сол күні несие ала алады. Несие үйге де жеткізіледі. Сондай-ақ, Freemarket онлайн дүкенінде теледидар, смартфондар, киім және үйге арналған тауарлар сатып алуға болатын алаң бар.

Жаңа интернет-банкинг енді кәсіпкерлер мен бизнес иелері үшін қолжетімді. Бұл қосымша клиенттердің тілектерін ескере отырып жасалған. Forcestart – банк картасын, жедел қысқа мерзімді несиелерді, интернет-банкинг және ПОС-терминалды қамтитын арнайы тарифі бар бастаушы кәсіпкерлерге арналған пакеттік ұсыныс.

"Біз алдымызға қойған үлкен міндет – біз Қазақстандағы бизнестің дамуына көмектескіміз келеді.  Бүгінде бізге 75 000-нан астам компания сенеді, тек осы жылы клиенттер саны 30 пайызға артты. ForteBank кәсіпкерлер үшін жеке кеңселер салатын Қазақстандағы жалғыз банк болып табылады", деп атап өтті Гурам Андроникашвили.

Сонымен қатар ForteBank бизнес үшін жаңа өнімді іске қосады, ол – ForteKassa. Бұл шешім сауда нүктесін автоматтандырады және сатуға, базалық есепке алуға және қызметкерлерді басқаруға мүмкіндік береді. Технологиялық шешім екі бөліктен тұрады: сатушыларға арналған қосымша және бизнес иесіне арналған жеке кабинет.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.01.2019

Шекара бұзған азамат қаза тапты

23.01.2019

Елбасының Жастар жылының салтанатты ашылуында сөйлеген сөзі

23.01.2019

Мәулен Әшімбаев: Жастар жылында науқаншылдыққа жол бермеуіміз қажет

23.01.2019

Түркістанда «Орта Азия жастарының форумын» өткізу жоспарлануда

23.01.2019

«Жастар жылы» жамбылдық жастарға мол мүмкіндік береді

23.01.2019

Қаржы және бюджет комитетінің Заң жобаларын талқылау бойынша отырысы өтті

23.01.2019

Мәжіліс сот жүйесі мен судьялар мәртебесі туралы конституциялық түзетулерді мақұлдады

23.01.2019

Алматы облысында 1332 әйел онкологиялық есепте тұр

23.01.2019

Сенаторлар Жастар жылын қолдауға бағытталған жұмыстарға кірісті

23.01.2019

Еурокомиссия MasterCard-қа айыппұл салды

23.01.2019

Жылқының қозғалыс аллюры: Аяң түрлері

23.01.2019

Юлия Тимошенко Украина президенті сайлауына қатысатынын мәлімдеді

23.01.2019

Конькимен жүгіру: Классикалық көпсайыстан ел біріншілігі мәресіне жетті

23.01.2019

Қостанайда «Эндохирургия мектебі» өтті

23.01.2019

Ақ Жайықтың жастары жастар жылынан көп үміт күтеді

23.01.2019

Жамбыл облысы жұмыспен қамту бойынша екінші орында тұр

23.01.2019

«Murager production» фото-кино студиясы ашылды

23.01.2019

Иван Дычко 1 наурызда рингке шығады

23.01.2019

Республика бойынша «Қайырымдылық керуені» байқауына үміткерлер іріктеліп жатыр

23.01.2019

«Барыс» қонақта «Металлургті» ұтты

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Adasqandardyń aldy jón, arty soqpaq...

  Bıylǵy qańtarda Qazaqstan óziniń azamattaryn dúnıeniń qaı shetinde bolsa da qorǵaı alatyn irgeli el ekendigin kezekti ret kórsetti. Sırıadaǵy qandy qasapqa soqyr senimniń shyrmaýyndaǵy kúıeýimen birge baryp qalǵan áıelder men jas balalarǵa arnaıy ushaq bólip, alyp keldi. Elbasy N.Nazarbaev óziniń tapsyrmasymen 47 adamnyń, sonyń ishinde 30 balanyń qutqarylǵanyn málimdedi. Qutqarý sharalary «Jýsan» operasıasy» dep atalǵany da jarıa boldy.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Jaýapkershilik joq jerde...

Sońǵy jyldary elimizde bosaný úshin aýrýhanaǵa kelgen analardyń qaitys bolý jaǵdaıy jıilep barady. О́tken jazda medısınasy jetilgen qalalar sanatyndaǵy Astananyń ózinde tórt birdeı qaıǵyly oqıǵanyń oryn alýy osy sózimizge dálel. Al Qazaqstan boıynsha 2018 jyldyń segiz aıynda ǵana ana óliminiń 40 faktisi tirkelgen eken. Onyń sebebi nede? Bul jóninde oılanyp, belgili bir sharalar qabyldap jatqan adam bar ma? Shynyn aıtsaq, bul jaǵy óte kúmándi. Eger adamdar jumysta jibergen kemshiligi úshin jazalanbaıtyn bolsa, ondaı jaǵdaıdyń qaıtalana bermesine kim kepil?

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sóz salmaǵy

Baıaǵynyń bıleri taý qulatyp, jer terbetpese de, eldi ıitip, teli-tentekti tıyp, kem basqandy ilgeri ozdyryp, asqynǵandy tejep, órshigendi órelep, ata ǵuryppen, ana úlgisimen bárin jónge saldy. Ul men qyzdyń eteginen tartpaı, aýzynan qaqpaı, qyrandaı túletip otyrǵan. Sodan da shyǵar, «Aýzym jetkenshe sóıleımin, qolym jetkenshe sermeımin, aıaǵym jetkenshe júremin» dep 14 jasynda aýzynan ot shashyp: «El ebelek emes, er kebenek emes, dat!» dep dara tanylǵan Qazybek bıdiń Qońtajynyń tilin baılap, qatty sastyrǵany. Jeteli sózge jetesiz ǵana des bermeıdi.

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу