Қазақстан • 17 Желтоқсан, 2018

Степногорск қаласында жаңа спорт алаңы ашылды

448 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Степногорск қаласында қазіргі заманға сай жабдықталған көпбейімді жаңа спорт алаңы пайдалануға берілді.

Степногорск қаласында жаңа спорт алаңы ашылды

Тәуелсіздік мерекесінде степногорскілік спортшы балалар ашық аспан астында жаттығуға мүмкіндік алды. Жаңа алаңға оннан астам спорттық құрал-жабдықтар орнатылған. Нысанның құрылысына «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы «Менің елім» әлеуметтік жобасы шеңберінде демеушілік көрсетті. Салтанатты шараға Степногорск қаласының әкімі Еркебұлан Баяхметов, «Қазатомөнеркәсіп КҚЗ БК» серіктестігінің директоры Төлеужан Жексембаев және «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының өкілдері қатысты.

Аталмыш жоба қаладағы балалар мен жастардың бұқаралық спортқа деген қызығушылығын арттыруды көздейді. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғасатын болады.

Байқал БАЙӘДІЛ,

«Егемен Қазақстан»

Степногорск қаласы

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше