Ақтөбе облысында алпыс отбасы қоныс тойын тойлады

Ақтөбе облысында Тәуелсіздік күніне орай Қарғалы ауданының Бадамша ауылында «Нұрлы жер» бағдарламасымен салынған алпыс пәтерлі жаңа бес қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. 17 желтоқсан, дүйсенбі күні мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алуға кезекте тұрған жетім балалар мен әлеуметтік жағынан әлжуаз топтағы отбасылар, бюджет саласының қызметкерлері қоныс тойын тойлады. Бұл туралы аталған облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Егемен Қазақстан
18.12.2018 10524
2

Ауыл тұрғындарын көптен күткен жаңалықтарымен облыс әкімі Бердібек Сапарбаев құттықтады.

«Елбасы саясаты әрқашан ең алдымен халықтың әл-ауқатын көтеруге, соның ішінде әрбір қазақстандықты баспанамен қамтамасыз етуге бағытталғанын білесіздер. Соның арқасында Ақтөбе облысында тек облыс орталығында ғана емес, облыс аудандарында да үйлер салынып жатыр. Тек осы жылдың қорытындысы бойынша облыста кем дегенде 900 м2 тұрғын үй салынады және халықты сапалы қол жетімді баспанамен қамту жұмысы жалғасады»,- деді өңір басшысы құттықтау сөзінде.

Тұрғын үйдің құрылысына 430 млн теңге бөлінген. Жаңа құрылыстың ауласы да толықтай абаттандырылған – ойын, спорттық, футбол ойнайтын алаңдар орнатылған.

«Президентіміздің саясаты арқасында өз пәтерлеріміздің кілтін алып жатырмыз. Қуанып тұрмын. Мен екі баланың анасымын, ұзақ уақыт бойы «толық емес отбасы» ретінде үй кезегінде тұрдым. Бүгін біздің арманымыз орындалды»,-деді журналистермен әңгімесінде жаңа үйден пәтерлі болған Бадамша тұрғыны Евгения Коминская.

Сол күні Бадамшада сондай-ақ, мерекелік ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп, оған облыс әкімі де барды. Өңір басшысы ұсынылған өнімдерге бағасын беріп, тауар өндірушілермен әңгімелесті де оларды жаңа технологиялар мен ауыл шаруашылығының дәстүрлі емес түрлерін игеруге, мемлекеттік қолдау шараларын пайдалануға шақырды. Жәрмеңке кезінде қарғалылықтар бал, көкөніс, арпа, сүт пен ет өнімдерін, кондитер бұйымдарын, шекер мен т.б. төмен бағамен сатып алды.

Сондай-ақ, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Қос-Естек ауылында болып, орталық сумен қамту жүйесінің іске қосу рәсіміне қатысты. Аталмыш елді мекенді сумен қамтамасыз ету үшін  41 шақырым құбыр жүргізуге, көлемі 400 текше метрлік екі резервуар мен көлемі 50 текше метр болатын су жинайтын мұнара салу қажет болды.

«Мемлекет басшысының халықтың әл-ауқатын көтеру туралы тапсырмасы аясында биыл біздің облыстағы ауылдардың көбісі  орталықтандырылған сумен қамту жүйесімен қамтамасыз етілді. Нәтижесінде,  облыс орталықтандырылған ауыз сумен 93% қамтылды. Біз аудан тұрғындарын Тәуелсіздік күнімен және маңызды әлеуметтік нысандардың ашылуымен құттықтау үшін арнайы келдік», - деді ауыл тұрғындарымен әңгімелескен Бердібек Сапарбаев.

Ол сондай-ақ, ауыл тұрғындарын кәсіпкерлікпен, атап айтқанда, ауылдың ірі республикалық тас жолда орналасқанын ескере отырып, жол бойында қызмет көрсетумен айналысуға, мемлекеттік бағдарламалар аясында қолдау құралдарын қолдана отыра ауыл шаруашылығын белсенді дамытуға шақырды.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.02.2019

Елбасы Сауд Арабиясының Королімен телефон арқылы сөйлесті

20.02.2019

Елбасы «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады

20.02.2019

Жас журналистер клубы құрылды

20.02.2019

Алексей Луценко тағы да топ жарды

20.02.2019

«Амурға» әліміз жетпеді

20.02.2019

Асанәлі Әшімов: «Театрды ашудағы мақсатым – талантты жастарды қолдау»

20.02.2019

Бақыт Сұлтанов автобус паркін жаңарту жоспарлары туралы айтып берді

20.02.2019

Қарағанды облысында 2 күнде 41 жол-көлік оқиғасы тіркелді

20.02.2019

Бейсенбі күні Қостанай облысы мен СҚО-да дауылды ескерту жарияланды

20.02.2019

Тілсіз жаудан зардап шеккен отбасыға тәртіп сақшылары көмектесті

20.02.2019

Ақмола облысының 5 ауданында «Еnglish for jastar» жобасы жалғасатын болады

20.02.2019

Бурабайда қысқы президенттік көпсайыстан облыстық біріншілік өтті

20.02.2019

Көкшетауда «Бояулар құпиясы» жас суретшілер байқауы өткізілді

20.02.2019

Еліміз Иранға 42 тонна сиыр етін экспорттайды

20.02.2019

Қарағандыда жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша брифинг өтті

20.02.2019

Алматыда ережесіз жекпе-жектен жарыс өтеді

20.02.2019

Ақтөбе облысында «Агрогектар» жобасы жүзеге асырылуда

20.02.2019

Қырғыз Республикасынан кіргізілетін өнімдерге шектеу қойылмақ

20.02.2019

Мемлекеттік қызметшілер декларациясын тапсыру мерзімі 31 наурызда аяқталады

20.02.2019

Астанада кәсіпкерлер мен инноваторларды біріктіретін алаң ашылады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу