Қазақстан • 19 Желтоқсан, 2018

Алматыда жаңа әлеуметтік нысандар бой көтерді

728 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Тәуелсіздік күніне орай  Алматыда бірқатар жаңа әлеуметтік нысандар бой көтерді. Жаңа нысандармен танысқан  қала әкімі Бауыржан Байбек Наурызбай ауданындағы №26 емханадағы және Алатау ауданындағы №186 бала бақшадағы, сондай-ақ «Саялы» ықшам ауданындағы қазақша дәріс беретін 320 орынды №186 бала бақшаны аралап көрді.

Алматыда жаңа әлеуметтік нысандар бой көтерді

Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қанат Төсекбаевтың айтуынша,  емхананың 1939 жылы салынған ескі селолық аурухананың орнына салынған. Замануаи жабдықталған медициналық мекеме Таусамалы, Тастыбұлақ, Таужолы, Қарағайлы, Құрамыс және Қарғалы сынды елді мекендердің 30 мыңға жуық тұрғындарына қызмет көрсететін болады. Сонымен қатар Жол картасының барысына орай цифрландырудың арқасында сырқаттарға қызмет көрсету уақытын 20%-ға, кезек күтуді 30%-ға қысқартуға, дәрігерді үйге шақыруды 1,5 есе жеделдетуге қол жекізілген.

«Саялы» ықшам ауданындағы қазақша дәріс беретін 320 орынды №186 бала бақшада мектеп жасына дейінгі мекемеде 16 топ бар. Оның әрқайсысында баланың жасына қарай оқытудың өзіндік әдістері - Монтессори, Дьенеш блоктары, құм терапиясы және басқалары қолданылады. Балдырғандарды қабылдау 19 желтоқсаннан басталады. Өтініштер «Open Almaty» қоғамдық қабылдауы арқылы жүргізіледі.

Соңғы он жыл ішінде Алатау ауданын дамытуға 430 млрд. теңге жұмсалған. 30 мыңнан астам жұмыс орындары ашылып, 2,7 млн шаршы метир тұрғын үй салынса, 12 мектеп және медициналық мекеме, 98 мемлекеттік және жеке бала бақшалар ашылды. Ал соңғы үш жыл ішінде Наурызбай ауданында бес медициналық мекеме, екі мемлекеттік мектеп, екі мемлекеттік және 65 жеке бала бақша салынды. Ауданның әкімшілік-іскерлік орталығында аудандық әкімдік, ХҚКО, АХАЖ, прокуратура, сот және басқалары орналасқан.

Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ