Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2018

Желтоқсаншыларға көше аттары берілсе

599 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бiз қазiргi уақытқа дейiн Жел­тоқ­сан көтерілісінің тра­ге­диялық жағын ғана айтып­ келеміз. Құбылыс дең­ге­йін­­­дегі көтерілістің шына­йы­ мә­нiн – патриотизм мен қа­һар­­­ман­дықтың қайталанбас үлгі­сін көрсеткен жастарымыз әрқа­шан құрмет биігінде тұруы тиіс.

Желтоқсаншыларға көше аттары берілсе

Тәуелсіздігіміздің тарихи қадамдары Желтоқсанға демо­кратиялық, халықаралық стандарт бойынша жаңаша, шынайы саяси, құқықтық баға берудi қажет етедi.

Қазақстандағы Желтоқсан көтерiлiсi жаңа тәуелсiз мем­лекеттердiң құрылуына әкелген, социалистiк лагерьдiң құлауына себепшi болған, халықтардың еркiндiктi аңсау жолындағы сер­пiлiс жасауының негiзiн қалады. Көтеріліс еліміздің бар­лық ай­мақ­­тарындағы сияқты, Ақ­мола мен Көкшетауда да бой көр­сетті. Тоталитарлық қоғам со­циа­листік жүйенің салтанатын барынша қорғап қалуға жанталасты, аяусыз басып-жаншу сая­сатын ұстанды. Мысалы, 17-25 желтоқсан аралығында ғана ішкі істер бөлімдеріне 83 студент, 1168 жұмысшы, 49 қызметкер, 164 училище оқушысы, 102 жұ­мыссыз, 1214 комсомол, 54 пар­тия мү­шесі тоғытылды. Қай­рат Рысқұлбеков, Ербол Сы­па­таев сияқ­ты қайсар қаһарман­дар қыр­шын кетті.

Азаттық жолында құрбан бол­ған жастардың атын мәңгілік есте қалдыру шаралары елімізде кеңінен жүргізілуде және жүр­гізіле беретіні анық. Осы орай­да соңғы жылдары Көк­шетауда көше атаулары елімізге еңбегі сің­ген тұлғалардың есімі­мен атала бас­тағанын айта отырып, «желтоқсаншыларға» да бет­ бұру қажеттігін еске сал­ғы­мыз келеді. Көкшетауда әйгілі «Мо­ло­дая гвардия» өрендері Олег Ко­ше­вой, Любовь Шев­цова, Сергей Тюленин, Ульяна Гро­мова атын­дағы көшелер бар.­ Олардың бар­лығы Ке­ңес Одағының Батыры ата­ғын­ алғандар. Бұлар­дың та­рих­ қойнауындағы саяси­ қыз­ме­ті аяқталған деп есеп­тей­­міз. Бүгінде өз «желтоқ­сан­­шыларымыздың», алдымен Қайрат Рысқұлбеков пен­ Ербол Сыпатаевтың есім­­дерін көшелерімізге бер­­сек, бар­шамыздың, әсіресе жастардың бойында отансүйгіштік, мақ­та­ныш сезімі алаулап тұра­тыны айтпаса да түсінікті.

Бақберген АМАЛБЕК,

Қазақстанның құрметті журналисі

Көкшетау