Аумағы 38 гектар жерге 88 көпқабатты тұрғын үй салынады. Оның 44-ін 2019 жылы, қалған 44-ін 2020 жылы пайдалануға беру жоспарланған. Жалпы аумағы 196285 шаршы метр болатын «Отырар», «Сырдария», «Арман» және «Сауран» тұрғын үй кешендерінде 2724 пәтер ел игілігіне берілмек. Құрылыс жұмыстарын «Оңтүстік құрылыс сервис» ЖШС-і, «Берен» ЖШС, «Шымкент құрылыс» ЖШС және «NK Building» ЖШС-і жүргізеді. "Бүгін «Түркістан» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы мен жеке инвестиция есебінен бой көтеретін тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары басталады. Мұнда 2-інші және 3-інші класстағы 2724 пәтер бар. Осы баспаналар «Нұрлы жер» және «7-20-25» бағдарламасы аясында жүзеге асады. Бірер жылда облыс орталығы жаңа келбетке ие болады. Құрылыс жұмыстарына отандық өнімдер қолданылады. Тұрғын үйдің сапалы болатынына сенімдімін», - деді облыс әкімі көпқабатты тұрғын үйдің іргетасын қалау рәсімінде.
Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,
«Егемен Қазақстан»
Түркістан облысы