Қазақстан • 27 Желтоқсан, 2018

Көкшетаудағы арнайы түзету мектеп-интернатының оқушылары жаңа жыл мерекесін қарсы алуда

657 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көкшетаудағы арнайы түзету мектеп-интернатының оқушылары жаңа жыл мерекесін жанашырлықты сезініп, жақсылап қарсы алуда.

Көкшетаудағы арнайы түзету мектеп-интернатының оқушылары жаңа жыл мерекесін қарсы алуда

Жеке кәсіпкер Норик Ашотович он жылдан астам уақыт бойы осы мекеменеің балаларына қамқорлық жасап келеді. Биыл да сол жақсы әдетінен жаңылмай, қуаныш сыйлады. Әдемі ойыншықтар, дәмі тіл үйіретін тәтті-дәмділер сыйлады. Ал, қызыққа кенелген балалар болса аяз атаға өздері жаттап келген өлең-жырларын оқып, әуелете ән салып берді. Ертегі кейіпкерлері бала қиялды баурап, сиқырлы әлемге сүңгітсе, мектеп ұжымы дайындаған концерттік бағдарлама мерекеге сай мазмұнды болды.

– Мейрамхана иесі Норик Ашотович сондай бір ізгі жан,–дейді мектеп-интернат директоры Ольга Гурдинская,–жақсылық балаң көңілде жатталып қалады ғой, олар да өскен кезде өзгеге мейірі түсіп жақсылық жасауға ұмтылып тұрады.

Ойыншықтар өз алдына демеуші мектеп-интернат оқушыларына теледидар тарту етті.

– Жаңа жыл барлық балаларға жақсылық әкелсін,–дейді мектеп-интернат оқушысы Еркемай Дәкен,–денсаулықтары мықты болсын.

Бала тілегінен бағалы не бар?!     

Байқал БАЙӘДІЛ,

«Егемен Қазақстан»