Қазақстан • 30 Желтоқсан, 2018

Жаңа дәуірдегі халыққа қызмет көрсету орталығы

846 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс орталығында алғаш рет цифрлы  және көші-қон бойынша халыққа  қызмет көрсету орталығы ашылды. Бұл мемлекеттік қызметтерді ұсынудың негізгі жаңа форматы ретінде әрі  бірқатар құжаттарды, соның ішінде шетел азаматтарының құжаттарын алу тәртібін айтарлықтай жеңілдетеді. 

Жаңа дәуірдегі халыққа қызмет көрсету орталығы

Цифрлы халыққа қызмет көрсету орталығы – бұл қала тұрғындарына жауапты қызметкерлердің қатысуынсыз электронды мемлекеттік қызметтерді өз бетімен алуға мүмкіндік береді. Яғни, мекеменің жұмысы толықтай автоматтандырылады. Жалпы, мемлекеттік қызметтер тізімінде 741 қызмет бар, олардың 590-ы енді жаңа халыққа қызмет көрсету орталығынан керек құжаттарды ала алады. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы тұрғындарды электронды форматта қызмет алуға үйретуге дайын екенін атап өтті. Ол үшін оқытатын арнайы сынып жұмыс істейтін болады. Онда кез келген адам электронды үкімет порталында жұмыс істеуді және мемлекеттік қызмет алуды үйренеді.

–Біз цифрлы Қазақстан болашағына үлкен қадам жасадық.  Осы көрсеткіштерге жеттік, сыбайлас жемқорлық енді кедергісіз жойылатын болады. Бұл халық үшін ыңғайлы әрі  өте маңызды қадам,–деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы облыстық филиалының директоры Ақан Бақытжан.

Цифрлы халыққа қызмет көрсету орталығының  ашылуы азаматтарға өз бетінше электронды үкімет порталы арқылы қызмет алуға мүмкіндік береді. Бұл тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасының артуына оң әсер етеді.

Байқал БАЙӘДІЛ,

«Егемен Қазақстан»

Ақмола облысы