Теннис • 08 Қаңтар, 2019

Юлия Путинцева Сиднейде өтіп жатқан турнирдің 1/8 кезеңіне шықты

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аустралияның Сидней қаласында өтіп жатқан теннистен Sydney International турнирінде Юлия Путинцева жарыстың 1/8 кезеңіне жолдама алды. Турнирдің жүлде қоры 823 мың АҚШ долларын құрайды.

Юлия Путинцева Сиднейде өтіп жатқан турнирдің 1/8 кезеңіне шықты

Халықаралық доданы іріктеу кезеңінен бастаған отандасымыз негізгі кезеңнің бірінші айналымында жергілікті теннисші, әлемнің 34-ракеткасы Дарья Гавриловамен күш сынасып, екі сет қорытындысы бойынша жеңіске жетті. Алғашқы сетте Путинцева еш қиындықсыз 6:1 есебімен басым түссе, екінші сетте біраз тер төгуге тура келді. Жарыс өз елінде өтіп жатқан соң Гаврилова намысқа тырысып, Юлиямен біраз уақыт тайталасып бақты. Дегенмен, бұл сетте де отандасымыз 7:6 есебімен жеңіске жетті.  

Енді Юлия Путинцева Sydney International турнирінің 1/8 кезеңінде Слоан Стивенс (5) пен Екатерина Александрова (72) жұбының жеңімпазымен ойнайтын болады.