Әлем • 10 Қаңтар, 2019

Еуропарламент қазақстандықтардың Сириядан эвакуациялануын жоғары бағалады

337 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Еуропалық парламент депутаты, ЕП Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық жөніндегі делегация жетекшісі Ивета Григуле-Петерс Сириядан Қазақстан азаматтарын эвакуациялау жөніндегі операцияға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі хабарлады. 

Еуропарламент қазақстандықтардың Сириядан эвакуациялануын жоғары бағалады

«Мемлекеттің басты міндеті - өз азаматтарын қорғау. Сонда ғана азаматтар қай жерде жүрмесін өзінің қорғаушысы бар екеніне сенімді болады», - деді И. Григуле-Петерс.

Оның айтуынша, Сириядан 47 Қазақстан азаматының эвакуациялануын Еуропалық парламент жоғары бағалаған.

«Құқық қорғау органдары Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп жүргізген гуманитарлық операцияны біз өте жоғары бағалаймыз. Осындай қиын жағдайда әрі кикілжің орталығында күрделі операцияны сәтті іске асыру оңай емес», - деді Еуропарламент депутаты.

Оның пікірінше, қазақстандық азаматтарды Сириядағы кикілжің аймағынан қайтару бойынша арнайы жүргізілген гуманитарлық операция отандық дипломаттардың дайындығының жоғары деңгейде екендігін көрсетеді.

«Мен бұған дейін Сіздердің дипломаттарыңызбен бірге жұмыс істегенмен, Сыртқы істер министрлігінің кадрлары әлемдік деңгейде деуге болатындай өте жоғары білікті мамандар. Соңғы операция соны дәлелдеді», - деді И. Григуле-Петерс.

«Осы оқиғаға қарай отырып Қазақстан әрбір азаматын қорғайтынын көремін, әрбір нәзік жан, қария немесе бала - бұл мемлекеттік баға жетпес байлығы. Солай да болуы керек», - деді ол.

Оның ойынша, ЕО, РФ, АҚШ секілді әлемдегі бірнеше мемлекет қана айналысатын өз азаматтарын мақсатты түрде еліне қайтару ісі «басқаларға жақсы үлгі болмақ».

«Бұл оқиға Қазақстанның күрделі жағдайда шешім қабылдауда жақсы әрі сенімді әріптес екендігін көрсетеді», - деп түйіндеді И. Григуле-Петерс.