Аймақтар • 10 Қаңтар, 2019

Қарақияда кәсіпкерлер көбейіп келеді

404 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аталмыш аудан бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес өкілдерінің саны  өткен жылға қарағанда біршама көбейген. Жоспар – 2293 болса, нәтиже – 2373 субъектіні құраған.

Қарақияда кәсіпкерлер көбейіп келеді

Өткен жылдың осы кезеңмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 106,1% өскендігін байқауға болады. Олардың ішінде - заңды тұлғалар 107 (2017 жылы 92 немесе 116,3%),  дара  кәсіпкерлер – 1734 (2017 жылы 1586 немесе 108,9%),  шаруа қожалықтары  – 438 (2017 жылы 390 немесе 115,1%). Бұл көрсеткіш толықтай орындалды. Сондай-ақ, ауданның кәсіпкерлік саласына тың бастама алып келіп жатқан кәсіп иелері де бар екен. Мәселен, алты кәсіпкер аулауға тыйым салынбаған балықтарды (кефаль, судак т,б) аулау үшін арнайы рұқсат алып, аудан халқын балық өнімдерімен қамтып отыр.

Сонымен қатар, Қарақия ауданында бұқаралық спортпен айналысатындар саны 9 пайызға өскен. Мәдениет және спорт саласы бойынша 2018 жылда аудан көлемінде мемлекеттік мерекелері мен атаулы күндерге орайластырылған 324 мәдени, 107 спорттық шаралары ұйымдастырылды. Жалпы аудан бойынша мәдени 64 клубтық кұрылым бар, ауданның  спорт мектептерінде  54 топта 832 бала спортпен шұғылданады.

Осы жылы 1-спортшы Қазақстан Республикасының спорт шебері, 71-спортшы Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үміткер нормативін орындаған.  Бұқаралық спортпен 14942  тұрғын шұғылданады,  ол жалпы  аудан халқының 39,9 % құрап отыр. Өткен жылға салыстарғанда 8,9% өскен.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы