Әлем • 11 Қаңтар, 2019

GlobalPetrolPrices 2019 жылға мемлекеттердегі бензин бағасының тізімін жариялады

860 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

GlobalPetrolPrices 2019 жылға мемлекеттердегі бензин бағасының тізімін жариялады. 

GlobalPetrolPrices 2019 жылға мемлекеттердегі бензин бағасының тізімін жариялады

Агенттіктің рейтингі бойынша, ең арзан бензин бағасы Венесуэлада. 1 литр бензин үшін венесуэлалықтар 0,01 АҚШ доллары, яғни 3,75 теңге төлейді. Бензиннің бағасы Гонконгта өте қымбат. Агенттіктің ақпаратына сәйкес, 1 литр бензин бағасы шамамен – 2,04 АҚШ долларына тең. 

Қазақстан 12-орынға жайғасқан. Халықаралық агенттік еліміздегі бензин бағасы 0,48 АҚШ доллары деп хабарлайды. 

ТМД мемлекеттерінің ішінде Түрікменстан арзан бағасымен ерекшеленген. Көршілес мемлекетте жанармайдың литріне 161,09 теңгені құраса, эстониялықтар бензиннің литрі үшін 524,48 теңге төлеуге мәжбүр. 

Жалпы бензин бағасының формуласы келесідей: шикізат+шикізат өндеу бағасы+салық+үстеме

Сондықтан, бензин бағасы шикізат бағасына тура пропорционал. Алайда, кей кездері мұнай арзандаса да бензин бағасының төмендемейтін кездері кездеседі. Ондай елдерде жанармай бағасы мемлекеттің салық пен үстеме саясатына да тәуелді.

Дайындаған Светлана ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»