Қазақстан • 12 Қаңтар, 2019

Жас дипломаттың өмірі туралы кітап жарық көрді

543 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жас дипломаттың өмірі мен қызметі туралы жазылған «Дипломат в сандалиях» атты кітап жарық көрді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы Талғат Жұмағұлов өзінің Фейсбуктегі парақшасында жазды.

Жас дипломаттың өмірі туралы кітап жарық көрді

«Дипломат в сандалиях» жас дипломаттың өмірі мен жұмысы туралы әңгімелердің жинағы. Топтамада сыртқы істер органдарында жұмыс істейтіндердің басынан өткен қызықты оқиғалар баяндалады. Менің кітабымның сюжеті жалпы дипломатияның құпияларын толық ашпаса да, қатардағы форин-офис қызметкерінің қарапайым өмірін суреттейді. Басылымның екінші тарауында өмірінің басым бөлігін дипломатия саласына арнаған әкем Марат туралы жазылған» дейді Талғат Жұмағұлов өзінің Фейсбуктегі парақшасында.