Оралбай Әбдікәрімов: Жеті қазынамызға жанашыр болайық

Бурабайдың баурайында тәуелсіздік мерекесі күніне және атақты бүркітші Мәсіп Батырхановты еске алуға арналған «Қансонар-2018» халықаралық турнирі өткізілген болатын. Екі күн бойы зеңгір көкте қыран қалықтап, жалпақ жонда жүйрік тазы жүйткіп, адам айтқысыз қызық-думанға бөленді. Жеті мемлекеттің өкілі тамсана таңырқаған осы шарада жеті қазынамыздың жанашыры болып жүрген «Қансонар» аңшылардың қоғамдық бірлестігі мен аңшылық-шаруашылығы субъектілері республикалық қауымдастығының басқарма төрағасы Оралбай Әбдікәрімұлымен жолығып, тілдескен болатынбыз.

Егемен Қазақстан
15.01.2019 2111
2

– Оралбай Әбді­кәрімұлы, алдымен қазақ­тың төбеті мен тазы­сының талайлы тағ­дыры, бүгіні мен бо­ла­ша­ғы туралы сөз са­бақ­та­сақ деп едік. Бүгінгі күні қа­зақы иттердің саны азайып,­ бағ­зы замандағы бек­зат тұ­қы­мының азып ке­туі алаң­даушылық туғы­зып отыр­ғаны рас қой.

− Иә, тіпті дабыл қағар­лық деңгейде. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалаларынан кейін біз біраздан бері қаузап келе жатқан өзекті мәселенің өңіне қан жүгірер деген үмітіміз мол. Кешегі кеңес заманында ұлттық байлығымыздың, ба­баларымыздан қалған мол мұраның ысырап болғаны да рас. Соның кесірінен дала қадірін, дарқан далада тіршілік құрған жылқымыз бен жеті қазынаның бірі санатындағы – итімізді, яки, маң төбетіміз бен жүйрік тазымызды біржола ұмытуға таяу қалдық. Ен даланы жайлаған аруақты ата-бабаның қолғанаты болған, малын баққан, қотанын күзет­кен, саятшылық салтанатын елден ерек еткен маң төбет пен жүйрік тазының тұқымы тұздай құрып кетуге аз қалды. Ұлы даланың ұлағатын, оның қайталанбас ғажайып, керемет көріністерін, сол да­ла­дағы дана халқымызбен бірге жасасқан ұлттық баға жеткізгісіз байлығымыз туралы Елбасы өте дөп айтып отыр. Қазір кез келген дүниенің көзі жабылып, керегесінің сөгілуін кеңес өкіметіне жаба беретін әдет бар ғой. Бірақ жылқының басына төнген нәубет пен қа­зақы иттің қабырғасын қау­сат­қан кесапат сол заманда орын алғандығын нақты деректермен айғақтауға болады.

− Қазақы төбет пен тазы­ның кереметтігін, жеті қазы­на­ның қасиетін ата-баба­ларымыз ғана емес, шетел­дік­­­тер де жете таныған емес пе?

− Орта ғасырда өмір сүрген италиялық жиһанкез Марко Поло ұшы-қиыры жоқ ен далада ит жүгіртіп, құс салған ата-бабаларымыздың тылсымы мол, тамаша өнеріне әб­ден тәнті болған. Әсіресе жүйрік иттер туралы жеріне жеткізе жазғанын барша жұрт біледі. Сол жел жетпес жүйрік иттеріңіз қазақы тазылар ғой. Ал академик А.Слудский 30-жылдардың соңына таман қазақ даласында шамамен төрт мыңнан астам тазы болғандығын тайға таңба бас­қандай етіп жазады. Ұлт басына төнген нәубет ықылым заманнан бері ата-бабамызға серік болған төбет пен тазының басына да төнді. Ит түгілі игі жақ­сыларымыздан да айырылып қалған жоқпыз ба? «Балапан басына, тұрымтай тұсына» ыдырай бір күндік жарық сәуле үшін ел бел асып кеткенде, оны ойлайтын шама болды ма? Міне, біздің ұлттық құндылықтарымыздың уысымыздан шығып кеткен тұсы осы кез. Егер олай болмаған күнде төрт мың тазыдан өр­біген тұқым қайда?! Жоқ қой! Ақ қашып, қызыл қуған үр­кіншілік заманда үдере көш­кен елмен бірге, елдің ал­дындағы малға ілесіп шетелге ауып кетті. Адамның асы­­лы, төрт түліктің тәуірі, ақтылы малға абай болатын алмас азулы төбет те. Жұртта қалған итке ешкім көңіл аудармады. Шабатасын сүйрете келгендердің қол басындай қанденімен ылыққан тұқым оңа ма?

− Осы олқылықтың орнын толтыру үшін қандай жұмыстар атқарылып жатыр?

−Біз аңшылық туралы заң­да таза қанды иттерді ірік­теп, тұқымын жақсартып, кө­бейту туралы мәселені қолға алдық. Шынын айту керек, оған дейін қазақ төбет мұндай қамқорлықтан қағыс қалып келді. Алдымен, ит тұқымын, оның стандартын анықтау керек болды. Бұл ұлан-ғайыр жұмыс болатын. Кәдімгі бір­ шө­меле шөптен инені іздеген­дей, машақаты көп шаруа. Бірнеше өңірге арнайы экспедиция ұйымдастырдық. Осының тұрқы төбетке келеді-ау деген 600-ге жуық ит жиналды. Соншама иттің тек алпысы ғана таза тұқымды төбет болып шықты. Қалғандары будандасқан, тегі басқа, тұ­қымы күмәнді иттер. Көзі көр­­­­­ген куәгерлердің сипаттауын­ша, қазақтың маң төбетінің тұрқы ересен ірі, терісі мықты, жүні арасына ине өтпестей қалың болып келеді. Бет алды адамға үрмейді, қабамын деп ұмтылуды білмейді. Ал ба­ла-шағаға тіптен мейірбан. Со­лай бола тұра мал ішіне пиғылы жат, суық қолды сұға­нақтарды өлсе кіргізбейді. Тө­беттің маңдайына жазылған дүние де мал бағу, қотанды күзету, жеті атасынан бері осы жауапкершіліктің жүгін қия баспай атқарған. Бағзы за­манда маң төбеттер үйшік дегенді білмеген. Арқаның атан түйенің өзін алып жыға­тын, түкірген түкірігің жерге мұз болып түсетін ақырған аяз­дарында қотан күзетіп, қар үстінде жатқан. Яғни қазақ даласының табиғатымен бірге жаратылып, бар қиыншы­лы­ғына көн­дігіп өскен ит. Ыс­тық­қа да, суық­қа да, аштыққа да төзімді. Кей­біреуінің сал­мағы жүз килодан да асып жы­ғы­лады. Ал жуан өңештен құмығып шы­ғатын қаһарлы дауысы жеті қырдың астынан естіліп жатады. Қанша жерден айлалы, азулы болса да  қасқыр атаулы қазақы төбет жатқан қотанға ене алмайды. Міне, бағзы заманда ұлтымыздың ырысына қорған болған төл иттеріміздің тағдыры дәл осылай сабақталады.

– Енді осы мәселенің қиын­ түйінін шешіп, қалай жаң­­­­­ғыр­­туға болады? Ол үшін нақ­­ты не істеуіміз керек?

– Кез келген мәселені қаржы шешетіндігі белгілі. Мен осы мәселені көтеріп Президент Әкімшілігі Басшысының орын­­­­­басарына, Ауыл шаруа­шы­­­­лы­ғы министрлігіне ар­найы хат жаздым. Егер бағ­дарлама қабылданып, қолдау тапса, алдымен төбет пен та­зы­ның гендік қорын қалып­тастыруды қолға алар едік және бұл мәселе бұрынғы қа­за­қы ұғыммен қабыстырыла оты­рылып ғылыми-зерттеу жұмыстары арқылы қолға алынар еді. Асыл тұқымды ит­­тердің таза тұқымын сұ­рып­тап, генетикалық тұрғыдан топ­тас­тырсақ қана іс оңға басады. Қазіргі күні жер-жердегі ит жа­нашырлары ұстап отырған таза қазақ­ы төбеттер белгілі. Бірақ, көп емес, сұрыптау арқы­лы ең үздіктерінен тұқым алып, санын көбейту керек. Ертеректе Ауыл шаруашы­лы­ғы министрлігінің бұйры­ғымен қазақы төбеттің бол­мыс-бітімін екшейтін стандарт енгізілген болатын. Бұл стандартқа төбеттің бар­­лық болмыс-бітімі кіре­ді. Ол тө­бет­тер арнайы мем­ле­­кет­­тік қорғауға алынады. Қол­­да барды шашыратпай сақ­­­тап қалуымыз керек қой. Ал­ тазылардың стандартын А.Слудс­кий 1958 жылы бе­кіт­кен болатын. Ғалым қы­рық­тан астам тазыға зерттеу жұмыстарын жүргізіп, таза қазақы тазының нақ өзі екен­дігін ғылыми түрде дәлел­деп берген. Қазіргі күні де осы стан­дарт бойынша жұмыс іс­теуі­міз керек.

– Тазының өзін бірнеше түрге бөліп жатпай ма? Со­ның қайсысы таза қазақы та­зы? Осы бір сауалдың ара-­­жігін ажыратып алған дұ­­­рыс шығар.

– Тазы халықтың өткені­не бей­жай қарамайтын аға буын­­ның кез келгеніне таң­сық емес. Мәселен, өзім ба­ла күнімде дегдар тазыны көп көрдім. Сұлулығы қан­дай, болмысы қандай, ал мі­не­зін тіпті сипаттауға сөз жет­­пейді. Таза қанды тазы­ның келбетіне көзің тоймау­шы еді ғой. Шіркіндердің дег­дарлығы сондай, сыпа, тал­ғампаз. Құтты иесінің өз мі­незі тәрізді. Тамақты талғап ішеді, ешқашан аштығын біл­дірмейді. Қазір ғой тегі азған соң бұралқыға айналғаны. Та­за қазақы тазының өзі емес, ша­та, тұқымы азған ит. Қо­ра­дағы тауықтың басып жат­қан жұмыртқасын ұрлап жей­тіндер де солар. Кейбір зерт­теу­шілер қазақ даласында дег­­дар тазының пайда болуын ислам дінімен де байланыстырады. Кейбір дерек көздерінде қазақ даласына дін таратушы миссионерлермен ере келген деген де пікір бар. Мен айтар едім, мынау Солтүстік Қазақстан облысының Айыр­тау ауданындағы Ботай қорға­нынан жылқының сүйегі табылып, ең алғаш тағы жылқыны қазақтың қолға үйреткені жал­пақ жұртқа мәлім болып отыр ғой. Сол жылқымен бірге ит сүйектерінің, яғни маң тө­­бет пен құмай тазының сү­йек­­терінің табылуы қазақы ит тарихының тым тереңде жатқандығын айғақтап отыр­ған жоқ па.

Негізінде, қазақ тазыны жарғақ құлақты және ша­шақ құлақты тазы деп екіге бөлген. Тұқымына орай құ­май тазы, дүрегей тазы, қайың­қаптал тазы деп те аталады.­ Осы тазылардың ішінде ал­ғы­ры қайыңқапталы екен. Жүй­ріктігі өз алдына, тұла бо­йын­д­ағы қайраты мен амал-айласының молдығы сондай, қасқырды да ала береді. Жалпы тазылар әр жердің өз ерекшелігіне орай бірнеше түрге бөлінеді. Мәселен, Сібір тазысы, Самарқанд тазысы, Түркістан тазысы деп те аталады. Иттің дене бітімінің қалыптасуына өзі өмір сүрген ортаның табиғаты да әсер етпей қоймайды ғой. Самарқанд тазыларының бойы тым биік емес, әйткенмен, сымбаты сұ­лу болып келсе, Атырау өңі­рінің тазылары шашақ құ­лақ­ты болады. Ал  табиғаты қатал Сібір аймағының тазылары қақпан бел, ұзын мойынды, сүйір табанды, күшті болады. Жаратылысы солай. Осы аймақтардың ерекшелігіне байланысты тазыларды тау тазысы және дала тазысы деп те бөлуге болады. Дала тазы­сының кеудесі мен бөксесі бір­дей. Мұндай тазыларға жыл­дамдық тән. Бірақ сүйе­гі тым жеңіл, өзі өзге тұқым­дастарына қарағанда нәзіктеу. Ілкідегі қазақ тазының мұндай түрлерін ши тазы деп те ата­­ған. Ал тау тазысы бөксе жа­ғы биіктеу, аяғы сіңірлі, мойы­ны әнтек жуан болып қалып­тасады. Егер жүректі болса қас­қырға да ауыз салмақ. Қазір тазы­­лардың шежіресі де жазулы. Генетикалық молекуласы арқылы ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, белгілі бір бәтуаға келген.

– Соңғы кезде ел өткеніне ой көзімен қарап, ұлттық құн­­­­­­ды­лықтарымызға назар аударуда. Осы орайда, мемлекет қамқорлығынан бөлек өз ынта-ықыластарымен тө­­­­­бет пен тазы тұқымын кө­­­­­бей­­туге ықылас білдіріп жат­­­­­­қан азаматтар бар ма?

– Бұл әрине, оңай-оспақ шаруа емес. Алдымен, таза қанды итті тауып алудың өзі қыруар қиыншылық тудырады. Тапқан күннің өзінде баладай әлпештеп бағып отырған итің таза тұқым ба, жоқ па, соған көңіл аударған ләзім. Халық білуі үшін біз әр жыл сайын әрбір облыста иттердің көрмесін ұйымдастырудамыз. Сол көрмелерде Ауыл ша­руа­шылығы министрлігі бе­кітк­ен стандарттар бойынша іріктеледі. Ондағы негізгі мақ­­сат қазақы ит тұқымының табиғи қалпын сақтау және қайта оралып сол нобайға келу. Шын мәнінде қазақтың маң төбеті иттің асылы әлемдегі ондыққа кіреді. Осы орайда қызығушылық танытқандарға саятшылық өнерді насихаттайтын «Қансонар» журналын оқып көрулеріне болады. Елорданың іргесіндегі «Жібек жолы» ауылында қазақы төбет пен тазының көрмесін өткіздік. Халықтың қызығушылығы керемет болды. Өткенін сағынбайтын ел болмайды ғой. Тағы бір мәселе  – насихат жұмысы. Ұлтжанды ұландардың санасында сәулесі қалған ақсүйек өнерді қаузай жазып, жеріне жеткізіп айта алсақ, әр қазақ ата-бабасынан бері босағасынан кетпеген өз итіне жанашыр бола алатындығына дау жоқ. Қарап отырсаңыз, кез келген ұлт өзінің ұлттық құндылықтарымен мақ­танады емес пе? Мәселен, ір­ге­дегі түрікмендер өздерінің жыл­қы­сын айтқанда, бөріктері қазан­дай болады. Біз неге сан ғасыр бойы мал баққан, қотан күзет­кен, сейіл-серуен құрған иті­мізді айтып мақтана алмаймыз.

– Соңғы жылдары бәйге тігіп ит төбелестіру деген та­би­ғатымызға жат дағды етек алып бара жатыр. Қаза­қы азу­лы төбеттерді осындай бәсе­кеге қосу, ит бағуды кә­сіп­­ке айналдыру деректері де кездеседі.

– Бұл өте жағымсыз жай. Рас, қазақтың таудай төбеті кез келген итті қанжоса қылып талары, қалай да жеңіске же­тері даусыз. Бірақ, атам қазақ бұл итті төбелестіру үшін емес, мал-жанын қасқыр­дан қорғау үшін серік еткен. Мамандардың айтуына қа­ра­ғанда, тұқым сапасын, өжеттілігін анықтау үшін сарап­­тама өткізген жөн. Ал ақ­ша үшін төбелестіру ақы­мақ­­тық. Мұндайға ешқа­шан жол бермеу керек. Табиғаттың өзі тәрізді тұнық дүниені лай­лаудың қаншалықты қажеті бар?!

– Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен Байқал БАЙӘДІЛ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.02.2019

Қарағандыда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша брифинг өтті

20.02.2019

Алматыда ережесіз жекпе-жектен жарыс өтеді

20.02.2019

Ақтөбе облысында «Агрогектар» жобасы жүзеге асырылуда

20.02.2019

Қырғыз Республикасынан кіргізілетін өнімдерге шектеу қойылмақ

20.02.2019

2018 жылға мемлекеттік қызметшілер декларациясын тапсыру мерзімі 31 наурызда аяқталады

20.02.2019

Астанада кәсіпкерлер мен инноваторларды біріктіретін алаң ашылады

20.02.2019

Алматы халқы жылына 50 мың адамға көбейіп келеді

20.02.2019

Әли Ахмедовтың қарсыласы анықталды

20.02.2019

Астананың қоғамдық көлігі: ұтқырлық – жолаушылар жайлылығының негізгі элементі

20.02.2019

Алматыдағы «Women in business» форумы мәреге жақындады

20.02.2019

Алматыда аз қамтылған отбасы балалары балабақшаларға тегін баратын болды

20.02.2019

Бақыт Сұлтанов: «Астана – кәсіпкерлер қаласы»

20.02.2019

Ресейде оқып жүр, талай қазақ баласы

20.02.2019

Асқар Мамин: Үкімет Астананың дамуындағы өзекті мәселелерді шешуде ықпал етеді

20.02.2019

Алматы облысында үш ауысымды мектептерді жою мәселесі кезең-кезеңімен шешілуде

20.02.2019

Түркістанда «Жастар ресурстық орталығы» ашылды

20.02.2019

«Ақтөбе» индустриялық аймағында 1 млрд теңгенің өнімі өндірілді

20.02.2019

«Алматы марафонының» қысқы жүгіруі осы сенбіде өтеді

20.02.2019

Қызылордада жоғалған 7 бала табылып, ата-аналарына қайтарылды

20.02.2019

Ақтөбелік жас кәсіпкер сал ауруымен ауыратын балаларды иппотерапиямен тегін емдейді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу