Қазақстан • 15 Қаңтар, 2019

Ұлт денсаулығынан ақпарат беретін база жасалады

408 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев ведомствоаралық комиссия алаңында 588 мемекелеттік қызметті әлі де дамыта түсу қажеттігін мәлімдеді.

Ұлт денсаулығынан ақпарат беретін база жасалады

«Әр қызмет жеке қаралып, талдау жасалды. Нәтижесінде 141 қызмет электронды форматқа көшіріліп, 447 қызмет көрсетудің мерізімі қысқартылмақ. Мұндай құжаттардың бірі – еңбекке жарамсыздық анықтамасы. Бұл Big Data технологиясы арқылы ұлт денсаулығы туралы ақпарат беретін жаңа база жасауға мүмкіндік ашады. Ал баланы патронатты тәрбиеге беру мен оған қаржылай көмек тағайындау қызметі біріктіріліп, нәтижесінде бұл қызметті рәсімдеу 35 күннен 10 күнге қысқартылды»

Сонымен қатар, Ақпарат және коммуникация министрі бүгінгі күнге дейін ведомствоаралық комиссия ұсынысын жүзеге асыру үшін 486 жол картасы бекітілгенін хабарлады.