Қазақстан • 16 Қаңтар, 2019

Қазақстандықтар азық-түлікке қанша қаражат жұмсайды?

741 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Picodi.com сайтының сарапшылары әлемнің 52 елінің ең төменгі жалақысын және азық-түлік өнімдерінің бағасын салыстырды.

Қазақстандықтар азық-түлікке қанша қаражат жұмсайды?

Дәстүр бойынша жылдың басында Қазақстанда ғана емес, басқа мемлекеттерде де ең төменгі жалақы мөлшері өседі. Әрине, бұл тізімге Скандинавия түбегі елдер мен Италия, Австрия, Сингапур сияқты елдер кірмейді. Қазақстан БҰҰ-ның ең төменгі жалақыны белгілеу туралы конвенциясын ратификацияламағанына қарамастан, бұл көрсеткіш өмір сүру деңгейін бағалаудың басты факторларының бірі болып қала береді. Азық-түлік өнімдерінің негізгі қажеттіліктерін өтеу үшін қанша қаражат керек?

Негізгі азық-түлік өнімдерінің бағасы

Зерттеу үшін адамның көмір су, ақуыз және минералды қажеттіліктерін қанағаттандыратын 8 негізгі өнімге тоқталдық. Бұл өнімдердің нарықтағы бағасын халықаралық ұйымдар бақылайды.

Picodi.com есептеуінше, азық-түлік өнім салынған себеттің минимум бағасы - 20914 теңге.

Сүт  (10 л.) — 2694 теңге

Нан (10 бөлке) — 913 теңге

Күріш  (1,5 кг) — 394 теңге

Жұмыртқа (20 дана) — 570 теңге

Сыр (1 кг) — 1875 теңге

Құс және сиыр еті (6 кг) — 9466 теңге

Жеміс-жидек (6 кг) — 3055 теңге

Көкөніс (8 кг) — 1947 теңге

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстандағы ең төменгі жалақы – 42 500 теңге (салықтарды қоспағанда 37253,40 теңге). Таңдалған өнімдердің орташа бағасын назарға ала отырып есептегенде, шығындар «қолға» алынған ең төменгі жалақының 56,1% - ын құрайды. Осылайша, Қазақстан біз талдап отырған 52 елдің 48-іне жайғасты.

Ең төменгі жалақы мен азық-түлікке жұмсалатын шығындардың ең аз салмақты арақатынасын біз Австралияда, Ирландияда және Ұлыбританияда деп есептедік. Онда ең аз жалақы алатын қызметкер негізгі азық-түлікке шамамен 7% жұмсайды.

Бұл рейтингте Таиланд, Үндістан, Филиппин елдері Қазақстаннан төмен болды. Статистика бойынша Нигерияда ең қарапайым шығындар 45$, яғни ең аз жалақыдан екі есе артық.

Аталған зерттеу жұмысы Еуропа, Азия, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Африка, Австралиядағы 52 елдің министрліктері мен институттарында зерделенген және интернет-басылымдарда жазылған мәліметтерге сүйеніп жасалды. Грекияда 2013 жылдан бері ең төменгі жалақы мөлшері мүлде өзгермеген. Зерттеудегі азық-түлік бағамы numbeo.com сайтындағы деректерден алынды. Жалпы есебін шығаруда доллардың 2018 жылы желтоқсан айындағы орташа бағамы қолданылды.