Елімізде әлеуметтік кәсіпкерліктің дамуына қолдау көрсетеді

«Нұр Отан» партиясы елімізде әлеуметтік кәсіпкерліктің дамуына қолдау көрсетеді. Бұл туралы бүгін Астанадағы «GreenTAL» әлеуметтік шеберханасына барған партия Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев айтты.

Егемен Қазақстан
16.01.2019 8773
2

Шеберханаға арнайы келген «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары нысанның жұмысымен танысып, мекеме ұжымымен кездесті. Өз сөзінде партия Төрағасының Бірінші орынбасары әлеуметтік бастамалардың маңызы мен олардың ел дамуына тигізер әсері жөнінде айтты.

– Елбасы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында мүмкіндігі шектеулі жандарға жүйелі қолдау көрсету және олар үшін кедергісіз орта қалыптастыру туралы алдымызға нақты міндеттер қойды. Соған байланысты партиямыз белсенді әрекет етіп, нақты жұмыстарды қолға алды. «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында да бірнеше бағытта ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Атап айтқанда, инклюзивті білім беру ісіне, кедергісіз орта қалыптастыруға, мүмкіндігі шектеулі жандардың саяси-әлеуметтік өмірге белсене қатысуын қамтамасыз етуге және оларды жұмыспен қамтуға басымдық беріп отырмыз, – деді Мәулен Әшімбаев.

Қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту қоғамымыздағы ең өзекті мәселелердің бірі екені сөзсіз. Өйткені, өкінішке қарай, мұндай азаматтарды барлық кәсіпорын бірдей жұмысқа қабылдай бермейді. Сол себепті, «Нұр Отан» партиясы осы мәселені тиімді шешудің озық үлгілерін қарастырып, ұтымды жолдарын қолға алмақ.

– Әрине, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мемлекеттен тиісті жәрдемақы алады. Дегенмен, олардың арасында жұмысқа қабілетті және еңбекке араласқысы келетіндері бар. Сондықтан олардың қосымша табыс тауып, өмір сүру сапасын арттыруына лайықты жағдай жасалуы тиіс, – деген Мәулен Әшімбаев осы істе әлеуметтік кәсіпкерліктің берері мол екенін айтты.

Сонымен қатар ол «Нұр Отан» партиясының елімізде аталған кәсіпкерлікті дамытуға ықпал етуді жоспарлап отырғанын жеткізді. Бұл істе «GreenTAL» сияқты компаниялардың тәжірибелеріне ерекше назар аударып, оны Қазақстанның өзге өңірлерінде де іске асыруға жағдай жасалуы тиіс.

Әлеуметтік мекеменің жұмысымен танысу барысында Мәулен Әшімбаев әлі де жетілдіруді қажет ететін тұстарға да назар аударды. Оның сөзіне қарағанда, бұл істе мемлекеттік органдар мен әлеуметтік кәсіпкерлердің арасындағы өзара іс-әрекетті жандандыру керек. Сондықтан партия тарапынан осы бағытта тиісті жұмыстар қолға алынбақ.

– Аталған істе әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытудың нақты ережесін қалыптастыруға және нормативтік-құқықтық базаны жетілдіруге көңіл бөлу керек. Ол әлеуметтік кәсіпкерлер мен жұмыс істейтін мүмкіндігі шектеулі жандардың мүддесін қорғап қана қоймай, мемлекеттік органдардың саясатына да сай болуы тиіс. Сондықтан осындай мәселелерді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алдына қойып, тиісті жұмыстардың қолға алынуына ықпал ететін боламыз, – деді «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары.

Айта кетейік, «GreenTAL» әлеуметтік шеберханасы жас кәсіпкер Эмин Аскеровтің бастамасымен осыдан төрт жыл бұрын ашылған. Онда мүмкіндігі шектеулі жандарды оқытып, жұмысқа орналастыруға қажетті жағдай жасалған. Шеберхана Психикалық денсаулықтың медициналық орталығы жанындағы Психоәлеуметтік оңалту орталығында орналасқандықтан, мұндағы қызметкерлердің басым бөлігі созылмалы ментальді ауытқушылыққа шалдыққан жандар.

– Әлеуметтік кәсіпкерлікпен айналысқысы келген жан алдымен бұл істің қоғамға қандай пайдасы бар екенін анықтап алуы керек. Кәсібің мен ішкі жан-дүниеңде де үйлесім болуы тиіс. Мен қандай кәсіппен айналыссам да байлыққа белшемнен батуды көздеген жоқпын. Қайта бизнесім арқылы халыққа қандай да бір көмегімді тигізуді мақсат тұттым. Осылайша, әлеуметтік кәсіпкерлікке бет бұрдым, – дейді Эмин Аскеров.

Бүгінде аталған әлеуметтік шеберханада темір, ағаш, дәнекерлеу, тігін және безендіру цехтары, көркемөнер студиясы, сондай-ақ, типография жұмыс істейді. Осы жерде дайындалған өнімдер Астана нарығында жоғары сұранысқа ие. Сондай-ақ таяуда мұнда тренниг-кафеге арналған бөлім де ашылған. Ол жерде даяшылар, бармендер және ас үй қызметкерлерін даярлайтын курстар жұмыс істейді.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.02.2019

Қарағанды облысында көпбалалы отбасыларды қолдаудың 10 қадамы жасалды

22.02.2019

Қостанайда әкім есебі жаңа ғимаратта өтті

22.02.2019

Қарағанды облысының тумасы Қазбек Нұржановтың құрметіне арналған 41-ші жеңіл атлетика жарысы өтті

22.02.2019

Қарағанды облысында 479 жоба іске асады

22.02.2019

Ұлттық валютадағы мәтін тек қазақ тілінде болады

22.02.2019

Sanofi - күдіктен ада компания

22.02.2019

Сенатор С.Айтпаева Германиядан келген делегациямен кездесті

22.02.2019

Қарағанды облысында көпбалалы отбасыларға тұрғын үй сертификаттары беріледі

22.02.2019

Ақтөбе облысында су тасқынына дайындық шаралары қабылданып жатыр

22.02.2019

Құралай Ахмет: Шет елде оқуға ынтасы бар кез келген адам «болашақтық» бола алады

22.02.2019

Жастар кәсіпкерлігіне арналған «Jas Business» семинары өтті

22.02.2019

Халықтың әл-ауқатын жақсарту – басты мақсат

22.02.2019

Жоғарғы сот жемқор судьяларды анықтауды күшейтеді

22.02.2019

Шаңғымен тұғырдан секіруден Қазақстан командасы әлем чемпионатында бақ сынайды

22.02.2019

Ерлан Қошанов көпбалалы отбасылар тұрғын үймен қалай қамтамасыз етілетінін айтты

22.02.2019

Мамандар: Денсаулық туралы жаңа Кодексті қабылдау бизнес үшін кедергілер туғызуы мүмкін

22.02.2019

Семейде «Нәджип Әмір» атындағы аудитория ашылды

22.02.2019

«Әбу-Даби Плаза» елордада жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді

22.02.2019

Милад Карими мен Аким Мусаев Мельбурндегі Әлем кубогінің финалына өтті

22.02.2019

Юлия Галышева бастаған Қазақстан командасы Жапониядағы әлем кубогіне қатысады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Jol erejesinen buryn, saqtyq kerek

Jasyratyny joq, ózimizdiń bir áriptesimiz, Qaraǵandy tas jolynan Astanaǵa kirer tusta keshqurym, ıaǵnı alageýim shaqta kóligimen bir adamdy basyp ketti. Ol jaıaý júrginshi jolaǵymen júgire basqan jandy kórmeı qalǵan. Qansha jerden kinásin moıyndasa da, ol – jaýapker. Sebebi jaıaý júrginshige arnalǵan jolaqta ereje buzdy. Toqtamady. Al toqtar edi, biraq adamdy kórgen joq. Mine, endi mundaı jaǵdaıda kimge kiná artasyz? Jaıaý júrginshi de opat boldy, júrgizýshi de qamalady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу