Қазақстан • 16 Қаңтар, 2019

Сыртқы істер министрлігіне жаңа вице-министр тағайындалды

519 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының Өкімімен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды. 

Сыртқы істер министрлігіне жаңа вице-министр тағайындалды

Ол Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының Өкімімен Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев Президент Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.