Жастықтың оты жалындайтын жыл

Абайдың сөзімен айтқанда «Жас­тық­тың оты жалындаған, талаптың аты арындаған» буынды қолдауға арналған жыл басталды.  Жастар жылында қандай шаралар қабылдануы керек?  Жастарды не алаңдатады? Олар қандай қамқорлыққа зәру? Жыл бойы пайдасыз форумдар мен флешмобтар шеруінен көз аша алмай қалмаймыз ба? «Egemen Qazaqstan» газеті осы тектес сауалдардың жауабын тұрақты түрде оқырман назарына ұсыну үшін Жастар жылына арналған арнайы бет шығаруды қолға алып отыр.

Егемен Қазақстан
17.01.2019 2502
2

Апта сайын жарық көретін ар­найы бетте көтерілуге тиіс мә­се­лелер де ауқымды. Білім бе­ру, әлеуметтік ахуал, кә­сіп­керлік саласы, демогра­фия, қыс­­қасы жастарға қатысы бар, жас­тарды алаңдата­тын, қоғам үшін маңызды тақы­рып­тар ба­рын­ша кең қамтылады деген үміт бар.

Жалпы, жастар деп кімдерді айтамыз? «Мемлекеттік жастар сая­саты туралы» заңда айтыл­ғандай,14 пен 29-дың арасын­дағы ел аза­мат­тарының барлығы осы санатқа жатады. Ресми ста­тистикаға жүгінсек, елі­міздегі халық санының 21,5 пайызы, яғни 3 900 834 адам жастар санатында екен. Осынша адамның 496 мың 209-ы – жоғары оқу орындарының студенті.

«Жастар – қоғамның қоз­ғау­шы күші» деген тіркесті жиі айтамыз. Алайда, бүгінгі таң­да елімізде жастардың рөлі қоғамды өрге сүй­рей­тіндей дең­гейде емес екені белгілі. Қо­ғамды сүйремек түгілі, қара басын алып жүру мұң болып, екі қолға бір күрек таппай сенделіп жүр­ген­дер де аз емес. 2018 жылдың соңғы ши­регіндегі дерек бойынша олар­дың саны – 81,9 мың. Қарап жүрмей қылмысқа шатылған­дардың да қарасы көп, оған қа­тысты нақты деректерді төмен­де келтіреміз. Қысқасы, бәрі ой­дағыдай болса, «Жастар жылын» жариялаудың да қажеті болмас еді ғой. Сол себепті де Елбасы Н.Назарбаев былтыр қараша айында тиісті Жарлыққа қол қойды. Ол құжатта: «2019 жыл Жастар жылы деп жариялансын. Үкімет Жастар жылын өткізу бойынша қажетті шаралар қабылдасын», делінген.

Ал Президент Жарлығында айтылған «қажетті шаралар» қандай болмақ? Жүзеге асыру міндеті жүктелген Үкімет нендей жұмыстарды қолға алмақ? Жалпы, жастарды қолдауға ар­налған ең ауқымды шараларды Ел­басының былтыр көктемде жария­лаған «5 әлеуметтік бастама­сынан» тарқатуға болады. Пре­зидент айтқан маңызды әлеуметтік бастамалардың бір бағыты жоғарғы білім алудың қолжетімділігі мен білім сапасын арттыруға, студенттерді жатақханамен қамтуға арналды. Жоғары білім алуға жыл сайын бөлінетін 54 мың грантқа қоса тағы 20 мың грант бөлу Үкіметке тапсырылды. 20 мың гранттың қай мамандықтарға көбірек бағытталатыны да нақтыланды. Сондай-ақ 2022 жылдың соңына дейін кемінде 75 мың орындық жатақхана салынатыны туралы айтылды.

Жастар жылындағы жұмыстарды үйлестіріп отыру Қоғамдық даму министрлігінің құзырына берілген. Осы министрліктің Жастар және отбасы ісі комитетіне хабарласқанымызда:

– Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен өмір сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспардың 94-тармағын іске асыру шеңберінде Жастар жылын өткізу жөніндегі жол картасы әзірленді. Ол қаңтар айының соңына дейін Үкімет қаулысымен бекітілетін болады, – деген жауап алдық.

Комитеттің хабарлауынша, жол картасында жастардың барлық санаттарын қолдау шараларының толық кешені қамтылмақ. Атап айтқанда, білім беру, жұмыспен қамту, денсаулық сақтау, қолжетімді баспанамен қамту, жастар арасында кәсіпкерлікті өрістету, қаржы сауаттылығын жетілдіру, құқықтық мәдениеті дамыту, дарынды жастарды қолдау сынды бас-аяғы 11 бағытта жұмыс жүргізіліп, 70-тен астам шара өткізілмек.

Жастар жылына қатысты әр аймақ жоспарларын жариялап жатқанын да айта кетейік. Мәселен, Ақтөбе облысының баспасөз қызметінің хабарлауынша, жастар санатына жататын 200 мың шамалы азаматы бар аймақ 300-ден астам республикалық және халықаралық деңгейдегі шара өткізбек.

Маңғыстау облысы да білек сыбанып кіріскен сыңайлы. Облыстық жастар саясаты басқармасының хабарлауынша, жыл бойы барлығы 100 шара өткізіледі. Оған қоса 3 мың орындық жатақхана салынып, 200-ден астам азаматқа баспана алуға несие берілмек. Жергілікті билік жаңа кәсіптің көзін тапқандарды қолдау үшін 1 мың адамға 1 миллион теңгеден қайтарымсыз грант беруді қолға алғанын да атап өткен жөн.

Былтырғы Ақтау саммитінің өткеніне 1 жыл толуына орай тамыз айында Маңғыстаумен шекаралас елдер азаматтарының «Жастар достығы – 2019» форумы өтеді. Оған дейін мамыр айында халықаралық «Жастар марафонын» дүркіретіп өткізу жоспарланып отыр екен.

Айта берсек, әр аймақтың жоба-жоспары жеткілікті. Бастысы – іс-шаралар жастардың әлеуетінің әлеуметтенуі мен дамуына, оның қоғамдық өмірдің барлық салаларында бәсекеге қабілеттілігінің деңгейін арттыруға ықпал еткені. Ас та төк той, алқалы форум, қаптаған флешмобтардың нақты қандай нәтиже әкелетінін де ескерген жөн.

NEET жастар деген ұғымның шет мемлекеттерде қолданыла бастағанына 20 жылға жуықтайды екен. Қателеспесек, біздің елде де бұл тіркес бірер жылдың бедерінде жиі қолданылып жүр. Қарапайым тілмен айтқанда, еңбек етпейтін, оқымайтын, пайдалы кәсіпке онша қызықпайтын, күнін босқа өткізіп жүрген буынды NEET жастар деген тіркеспен суреттеуге болады. Отбасы және жастар ісі комитетінен сұрап білгеніміздей, өткен жылдың үшінші ширегінің қорытындысы бойынша NEET жастардың үлесі 7,5 пайызды құрайды екен.

– 18-29 жас аралығындағы NEET жастарды, оның ішінде 2018 жылғы түлектерді жұмыспен қамту бойынша Жол картасы әзірленді. Атап айтқанда ауыл жастары, мүмкіндігі шектеулі жастар, жұмыссыз жастар, орта білімі бар жастар, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен жастар, жұмыс тәжірибесі жоқ білімді жастар, жас балалары бар жас әйелдер, әлеуметтік жастар сынды 8 санатқа жататын азаматтар 6 бағыт бойынша жұмысқа бағытталады, – деп хабарлады тиісті комитет. Аталған 6 бағыт кәсіптік бағдарлау жұмысы, кәсіптік оқыту, жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, жастар кәсіпкерлігін дамыту, жастарды әлеуметтендіру, тағы басқаларын қамтиды.

Өткен жылдың қазан айындағы Жолдауында Елбасы Н.Назарбаев: «Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуға тиіс. Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек» деген болатын. Әрине, уақыт талабына орай жастардың әлеуетін күшейтуді, мемлекет мүддесіне тиімді пайдалануды қоғам қызу қолдайтыны түсінікті.

Бүгінгі таңда халықтың 20 пайыздан астам бөлігін құрайтын жастар қауымын алаңдататын мәселелер, олардың күн сайын бетпе-бет келетін шешілмеген әлеуметтік проблемалары аз емес. Статистика бойынша, істерге жұмыс таппай сенделіп жүрген жастардың саны 81 мыңнан асады. Кәмелетке толмай жатып түрлі деңгейде қылмыс жасағандардың қатары соңғы 3 жылдың бедерінде жыл сайын 3 мың адамнан төмендеген емес. Үкіметтің, жер-жердегі атқарушы органның Жастар жылына жасаған жоба-жоспарлары осы тектес теріс көрсеткіштерді төмендетуге септігін тигізуі керек. Жылдың қаншалықты жемісті болғаны сонымен өлшенбек.

«Жастық менің жаныма жыр байлады, Жастық мені жалтартпай шыңға айдады» дейді Мұқағали ақын. Шындығында, елді өрге сүйрейтін басты күш – сол елдің азаматтары, тепсе темір үзетін буын. Үкіметтің көздеп отырғаны сол буынның әлеуетін көтеру. Дегенмен, Үкімет қашан жағдайымды жасап береді деп қол қусырып көмек күтіп отыратындардың да ешкімді ұшпаққа шығармайтынын есте ұстаған жөн сияқты. Еңбекке қабілетті, бәсекеге төтеп бере алатын, білімге құштар, өзіне деген сенімі нық жастардан ғана нәтиже күтуге болады. Ал Үкіметтің міндеті оларды демеу, әлеуетін елдің игілігіне жарату болса керек-ті.

 

Қандай қолдау қажет?

Айбол АРҒЫНҒАЗИНОВ, «Экономикалық зерттеулер институты»  АҚ Талдау және әлемдік экономика орталы­ғының директоры:

Біріншіден, Жастар жылы бір жыл ішінде өте шығатын науқандық шара болып қалмауға тиіс. Жас буынның әлеуетін бағалайтын, сол әлеуетті арттыруға ықпал ететін мемлекеттік бағдарлама жа­салуы керек. Бірнеше жылды қамтитын бағдар­ламада жастар саясатына қатысты негізгі индикаторлар мен  бағдар­ламаны жүзеге асыруға жауап­ты органдар белгіленгені дұрыс.

Екіншіден, әлеуметтендіруге байланысты мәселелерді шешуге назар аударылса деймін. Кеңес үкіметі кезінде жастарды тәрбиелеудің мемлекеттік идеологиялық аппараты болды. Жастар бала кезі­нен бастап октябрят, пионер, комсомол болып, өздерін қоғамның маңызды бір мүшесі ретінде сезінетін. Біздің балалар қазір жас қыран, жас ұлан болады да, одан кейін сабақтастық үзіліп қалады. Осы жағына көңіл бөлінсе, идеологиялық саладағы кемшіліктерден құтылып, бұл мәселе күн тәртібінен өзінен-өзі түсіп қалар еді.

Үшіншіден, отбасылы жастарды қолдауға қатысты нақты шаралар қабылданғаны жөн. Жастар арасында отбасы институтын ілге­рілету, сол құндылықтарды жастардың бойы­на сіңіру керек деп ойлаймын. Бұл бағытта идеологиялық және басқа да тұрғыда ынталандыратын шаралар қолға алынса деймін.

Төртінші мәселе жастардың әлеуметтік мәсе­лелерін шешуге байланысты. Мысалы, кезіндегі «Дипломмен – ауылға!» атты бағдар­лама сияқты. Алдағы уақытта мемлекет-жеке меншік әріптестігі арқылы немесе басқа да тетіктерді қолдана отырып, болашақта сұранысқа ие болатын мамандарды мақсатты түрде даярлау керек. Болашақ мамандық иесі диплом алғаннан кейін қайда баратынын, қай жерде жұмыс істейтінін білсе, оларға белгілі бір пайыздық мөлшерлемемен несие берілсе, бұл шаралар азаматтардың қоғамның бір мү­шесі ретінде кірігуіне, мемлекетке пайдасын тигізетін азамат болуына ықпал етер еді.

Жалпы, мемлекет тарапынан жастардың білім алуына, түрлі кәсіппен шұғылдануына, өз ісін ашуына қажетті жағдайлар жасалып жа­тыр. Өзінің отбасына, қоғамға пайдалы азамат болу-болмау, бірінші кезекте, жастардың өзінің талабына, ынтасына байланысты деп ойлаймын.

 

Арнұр АСҚАР,

«Егемен Қазақстан»

 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.02.2019

Батысқазақстандықтар жаппай шаңғы тепті

24.02.2019

UFC: Дамир Исмағұлов жеңіске жетті

24.02.2019

Михаил Кукушкин финалға шықты

24.02.2019

Дюсельдорфта әзірге жүлде жоқ

23.02.2019

Гагарин кубогындағы қарсыластар анықталды

23.02.2019

«Алматы марафонының» жүгіру маусымы ашылды

23.02.2019

Түркістанда «Балдәурен-2019» байқауы өтті

23.02.2019

Түркістан: Түлкібас ауданында 6 әлеуметтік дүкен жұмыс істейді

23.02.2019

Атырауда көпбалалы үйлерге улы газды анықтайтын детекторлар тегін орнатылып жатыр

23.02.2019

Бейбіт Атамқұлов Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілімен кездесті

23.02.2019

Бектас Бекназаров Молдовадағы сайлауды бақылауға қатысты

23.02.2019

Елшілер институты Қазақстанға отандық жұлдыздардың жанкүйерлерін тартуға жол ашады

23.02.2019

Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады

23.02.2019

Бадминтоннан әлем кубогі: қазақстандықтар жұптық сында келесі кезеңге өтті

23.02.2019

Юлия Галышева Жапониядағы әлем кубогі кезеңінде қола жүлдегер атанды

23.02.2019

Елордада ашық құдықтар мәселесі қалай шешілуде?

23.02.2019

Астанада әскерге шақырылушыларды медициналық куәландыру мәселелері талқыланды

23.02.2019

Қоғамдық қабылдауда ақтөбеліктердің мыңнан астам мәселесі шешілді

23.02.2019

ТМД құрылысшылары баға белгілеу саласында тәжірибе алмасты

23.02.2019

Жас теміржолшылар республикалық «Jas qanattar»  форумына қатысты

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Jol erejesinen buryn, saqtyq kerek

Jasyratyny joq, ózimizdiń bir áriptesimiz, Qaraǵandy tas jolynan Astanaǵa kirer tusta keshqurym, ıaǵnı alageýim shaqta kóligimen bir adamdy basyp ketti. Ol jaıaý júrginshi jolaǵymen júgire basqan jandy kórmeı qalǵan. Qansha jerden kinásin moıyndasa da, ol – jaýapker. Sebebi jaıaý júrginshige arnalǵan jolaqta ereje buzdy. Toqtamady. Al toqtar edi, biraq adamdy kórgen joq. Mine, endi mundaı jaǵdaıda kimge kiná artasyz? Jaıaý júrginshi de opat boldy, júrgizýshi de qamalady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу