Парламент • 17 Қаңтар, 2019

Қазақстан-Тәжікстан азаматтары екі тарап аумағында 30 күнге дейін тіркеусіз жүре алады

368 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін «Қазақстан Үкіметі мен Тәжікстан Үкіметі арасындағы Қазақстан азаматтарының Тәжікстан аумағында және Тәжікстан азаматтарының Қазақстан аумағында болу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң жобасы қабылданды.

Қазақстан-Тәжікстан азаматтары екі тарап аумағында 30 күнге дейін тіркеусіз жүре алады

«Келісім азаматтардың екі тарап аумағында 30 күнге дейін тіркеусіз және тараптар аумағында міндетті тіркелген соң, 90 күнге дейін болуын көздейді. Келісімді ратификациялау тараптар аумағында азаматтардың болу мәселелерін құқықтық реттеуге мүмкіндік береді. 2018 жылы шілдеде келісім Тәжікстан Парламенті арқылы ратификацияланған. Осы заңды қабылдау әлеуметтік-экономикалық және құқықтық теріс салдарға әкеп соқпайды. Бұл келісім бір мемлекет азаматтарының екінші мемлекет аумағында болуы үшін қолайлы жағдайлар жасауға ықпал ететін болады» деді Ішкі істер министрі Қ.Қасымов.

Бұл келісімге 2018 жылғы 14 наурызда Астана қаласында қол қойылды.