Қазақстан • 17 Қаңтар, 2019

Нұрлан Сейтімов Сыртқы істер министрлігінің Жауапты хатшысы болып тағайындалды

696 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Нұрлан Сейтімов Сыртқы істер министрлігінің Жауапты хатшысы болып тағайындалды

Мемлекет басшысының Өкімімен Нұрлан Мұсатайұлы Сейтімов Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды. 

Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Сейтімов Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.