19 Қаңтар, 2019

Локомотивтерді жөндеу толық орындалды

1066 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теміржол көлігінің сенімділігін арттыруға бағытталған локомотивтерді жөндеу бағдарламасы 2018 жылы толық орындалды.

Локомотивтерді жөндеу толық орындалды

2018 жылы әр түрлі маневрлік пен магистралдық локомотивтерге 9,5 мыңнан астам жоспарлы техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүргізілді. Соның ішінде ВЛ-80 и ЧМЭ сериялы 46 локомотивтің пайдалану мерзімін ұзарту үшін күрделі жөндеу орын алды.

Локомотивтердің техникалық жағдайын жақсарту іс-шаралары жоспарын орындау шеңберінде жөндеудің сапасы бойынша аудитті тұрақты негізде жүргізу қолға алынған. Локомотивтерге техникалық қызмет көрсету пунктері (ЛТҚП) мен сервис орталықтарына және оларды слесарлық құрал-жабдықтармен, өлшеу құралдары мен өзге де құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге мониторинг жүргізіліп келеді.

Сервистік орталықтар, ЛТҚП қызметкерлері, сондай-ақ локомотив бригадалары локомотив тораптары ақауларын жою және қызмет көрсету бойынша оқытылады.

Локомотив бригадалары жолға шығар алдында және теміржол станцияларына тоқтағанда локомотивтерді тексеріп, бекіткіштерді, жауапты агрегаттарды, олардың торабы мен бөлшектерінің жағдайын бағалайды. Тежегіш құрал-жабдықтары, автоматты қосылуға арналған құрылғыларды, жылдамдықөлшегіштерді, автоматты локомотивтік дабылдарды, қос дөңгелекті тексеру жүргізіледі.