19 Қаңтар, 2019

Астанада көші-қон заңнамасын бұзған 33 шетелдік еліне қайтарылды

548 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана полициясы  «Мигрант» жедел алдын алу іс шарасын өткізді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Астанада көші-қон заңнамасын бұзған 33 шетелдік еліне қайтарылды

Іс-шараның мақсаты - көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін анықтап, жолын кесу, заңсыз көші-қонға тосқауыл қою, сондай-ақ шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың тарапынан жасалатын қылмыстарды болдырмау. Полицейлер үш күннің ішінде көші-қон заңнамасын бұзу бойынша 457 фактіні анықтады.

Шетелдік азаматтардың ҚР аумағында жүріп-тұру қағидасын бұзу фактісі бойынша шетелдік азаматтарға 377 әкімшілік хаттама толтырылған. Көші-қон саласындағы  заңнаманы бұзғаны үшін шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғаларды қабылдаған Қазақстанның 20 азаматы жауапкершілікке тартылса, шетелдіктерді тиісті құжатсыз жұмысқа тартқаны үшін 6 жұмыс берушіге қатысты әкімшілік өндіріс қозғалды. 

Сонымен қатар, мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен 33 шетелдік азамат елден шығарылды, 117 шетелдік азаматқа қатысты уақытша жүріп-тұру мерзімін қысқарту жөнінде шешім қабылданды. Іс-шара көрсетіп бергендей, шетелдіктер тарапынан жасалған негізгі заңбұзушылықтар - елге кіру, шығу және Қазақстан Республикасында жүріп-тұру тәртібін бұзу.