19 Қаңтар, 2019

​СІМ басшысы Тәжікстан елшісін қабылдады

351 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Тәжікстанның Қазақстандағы Елшісі Назирмад Ализодамен оның Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай кездесу өткізді.

​СІМ басшысы Тәжікстан елшісін қабылдады

СІМ басшысы тәжік дипломатына қазақстан-тәжік қатынастарының дамуына және екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді. Н. Ализоданың Қазақстандағы дипломатиялық қызметі барысында Астана мен Душанбе арасында қол қойылған бірқатар маңызды құжаттарға, соның ішінде Стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойылғандығы атап өтілді.

Сол күні Б. Атамқұлов Тәжікстанның Сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддинмен телефон арқылы сөйлесіп, оның барысында екіжақты ынтымақтастық және халықаралық ұйымдар, әсіресе Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесі аясында өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Қазақстан мен Тәжікстан мемлекет басшылары деңгейінде сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге және екі жақты сауданы ұлғайту бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыруына ерекше назар аударылды.

Екі мемлекет басшыларының тапсырмаларына сәйкес, Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы тауар айналымының ілгерілемелі өсуі, оны 2019 жылы 1 млрд. АҚШ долларға және 2020 жылы 2 млрд. АҚШ долларға дейін ұлғайтудың алғышарттарының болуы атап өтілді. Тараптар сондай-ақ алдағы халықаралық шаралар кестесін талқылады. 

Тәжікстанның Сыртқы істер министрі сондай-ақ екі ел арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға елеулі үлес қосқан Душанбедегі Қазақстанның бұрынғы Елшісі Нұрлан Сейтімовтың жұмысына жоғары баға берді. 17 қаңтарда Н.Сейтімов Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Жауапты хатшысы лауазымына тағайындалды.