Қазақстан • 21 Қаңтар, 2019

Өзен аңғарына 6 тонна сиыр терісін төккендер анықталды

604 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Орал қаласының іргесіндегі «Орбита» саяжай қауымдастығы аумағына түн жамылып кірген КамАЗ көлігі 6 тоннаға жуық сиыр терісін Шаған өзенінің аңғарына төге салып, ізін жасырған.

Өзен аңғарына 6 тонна сиыр терісін төккендер анықталды

Айта кетейік, «Орбита» саяжай қауымдастығы – талай адам тұрақты қоныс еткен, соңғы жылдары табиғи газ құбыры тартылып, шағын елді мекенге айналған жер. Бір түнде пайда болған тау-төбе қоқыс ең алдымен осы ауыл тұрғындарының наразылығын тудырды. Өйткені шіріп бүліне бастаған теріден шыққан жа­ғымсыз иіс айналадағы қаң­ғыбас ит пен мысықты өзіне шақырып, қоқыс базарына айнала бастаған. 

– Оқиға 13 қаңтарға қа­раған түні болған екен. Орал қалалық полиция басқарма­сының Абай бөліміне ша­ғым телефон арқылы 17 қаң­тарда түсті. Әрине біздің қыз­меткерлер оқиға орнына барып, мән-жайды зерттеп, тергеу-тексеру шараларын жүр­гізді. Сөйтіп қауіпті қал­дықты тиісті орынға – қоқыс полигонына апармай, тоғай ішіне төгіп кеткен көлік жүр­гізушісін анықтады. Бұған бейнебақылау камерасындағы жазба көмектесті, − дей­ді об­лыстық полиция депар­та­ментінің қызметкері Әлия Нау­рызғалиева.

Оқиғаға кінәлі − «КамАЗ-5511» автокөлігінің жүргі­зушісі, Орал қаласының 30 жасар тұрғыны болып шықты. Ол өз кінәсін толы­ғымен мойындады.

Кінәлі жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын айта кетейік.

Облыстық полиция депар­таменті баспасөз қызметінің мәліме­тінше, 2018 жылы Әкім­шілік құ­қық бұзушылық ту­ра­лы кодексінің 505-бабы (Қалалар мен елдi мекендердiң аумақ­тарын абаттандыру қа­ғи­да­ларын бұзу, сондай-ақ қа­­ла­­лар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) бойынша Батыс Қазақстан облысында 3927 заң бұзушылық тіркелген.

Ал бейнекамералардың көмегімен облыс аумағында барлығы 16104 заң бұзушылық оқиғасы әшкереленген екен.

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,

«Egemen Qazaqstan»

Батыс Қазақстан облысы