Қазақстан • 21 Қаңтар, 2019

Қызылорда облысында 283 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

523 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының бұйрығына сәйкес, ағымдағы жылдың 16-20 қаңтар аралығында облыс аумағында «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Бұл туралы Қызылорда облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қызылорда облысында 283 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Іс-шараның мақсаты-шетелдіктердің болу қағидаларын бұзуды анықтау, тұрақты тұратын және уақытша тұратын шетелдіктерді тиісті есепке алуды қамтамасыз ету болып табылды.

Аталған іс-шараға департаменттің Көші-қон қызмет басқармасы және Жергілікті полиция қызмет басқармасымен барлығы 266 қызметкер жұмылдырылды.

Нәтижесінде, көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 518-бабына сәйкес 30 шетел азаматына әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Сонымен қатар, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 519-бабымен 5 Қазақстан Республикасы азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жеке бастарын анықтайтын құжаттары жоқ 29 азаматы ҚІІБ-ның қабылдау-тарату орнына жеткізілді.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табуда.