Бюджет жобалары артық шығынды көтермейді

Бюджет қаржысының әр теңгесі тиімді жұмсалса, басы артық шығынға жол берілмесе, жергілікті бюджеттердің бүйірі қабыса қоймасы кәміл. Істі осылайша жүргізудің жолдары мен тәсілдері де бар. 

Егемен Қазақстан
22.01.2019 13290
2

Соның бірі – бюджет қаражаты есебінен әзірленетін жобалық-сметалық құжаттардың, яғни ЖСҚ-ның тиімділігі мен пайдалы әсер коэффициентін көтере білу. Өндірісті өңірде осы мәселенің соңғы үш-төрт жыл аралығындағы жай-күйіне жан-жақты сараптама мен терең талдау жасалды. Айталық, Ақтөбе облыстық экономика және бюджеттік жобалау басқармасында әзірленген деректерге сүйенсек, жаңадан тұрғы­зылатын нысандар үшін 1120 ЖСҚ жасалған. Бүгінге дейін оның 486-сы толық жүзеге асырылған. Бұған дейін жасалған талдаулар мен мониторингтік зерттеулер 12 ЖСҚ-ның мерзімі өтіп кеткенін айғақтады. Бұл қаржыны тиімді жұмсауға нұқсан келтіргені сөзсіз.  

Тиісті басқарма мамандары мен сарапшылары ЖСҚ-ның тиімсіз жасалуының бірнеше себебін алға тартады. Біріншіден, басты басымдықтар ескерілмейді. Сонымен қатар нысан бой көтеретін елді мекендердің мүмкіндіктері мен болашағы, нысанның сол жерге қажеттілігі немесе қажетсіздігі ойластырылмауы жиі кездесетін кемшілік. Айталық, 2016 жылы Әйтеке би ауданының Сарыбұлақ ауылында 60 оқушыға арналған мектептің жобасы жасалған екен. Алайда ауыл­да осынша балаға арналған мектеп бар екені ескерілмеген.  Қазіргі таңда Сарыбұлақта барлығы 

29-ақ оқушы бар. Ауылдағы бар­лық тұрғынның саны 200 шамалы еке­нін ескерсек, жаңа мектептің  қа­жет емес екені түсінікті емес пе? 

Бюджетті жоспарлауға нем­кет­ті қарау мысалын Қобда ауданынан да келтіруге болады. 2017 жылы осы ауданға қарасты Қаракемер ауылында мектеп құрылысының жобалау-сметалық құжаттары жасалған. Жобалаушылар ауылда 120 орындық мектеп бар екеніне мән бермеген. Бұл ғимарат тарлық етсе бір жөн, керісінше жоба жасалған уақытта небәрі 22 оқушы болыпты. 

Жасалған талдаулар бюджет қаражаты есебінен ЖСҚ жасау кезінде оған негізсіз шығындардың қосылғанын көрсетеді. Бұл кей жағ­дайда құрылыс-монтаж жұ­мыс­тарының қымбаттауына әкеліп соқтыратыны түсінікті. Мәсе­лен, қазір аудандардың орталық­тарында 6 дене шы­нық­тыру-сауық­тыру кешені салынып жатыр, әрқайсысы 160 адамға шақтал­ған. Алайда кешендердің құры­лыс жүргізу құны 250 мен 430 мил­лионның аралығын құрай­ды. Баға алшақтығының мәні­сіне үңіле келгенде, оның бас­ты себебі ғимарат жанындағы алаң­­дар­дың айырмашылығына, атап айт­­қанда оны жабдықтау мен абат­тандыруға жұмсалатын шығындар мен қазандықтар құрылысы ба­ғаларының әртүрлі екендігіне байланысты болып шықты.

Қазіргі таңда өңірде жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеудің тиімділігін көтеру жөнінде нақты шаралар қолға алынуда. Соған сәйкес жергілікті мемлекеттік органдар ЖСҚ жасауға өтініш беру процесін қатаң бақылауды ұйғарып отыр. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы жанынан жобалау бөлімінің ашылғаны да қаржының тиімді әрі үнемді жұмсалуына сеп­тігін тигізбек. Салалық басқармалардың келісімін алмаған және бюджет комиссиясының сүзгісінен өтпеген жобаларды қабылдамау тәртіптері де қарастырылған. Бұған қоса жаңа бөлімнің құзыретіне жобаның басты басымдықтары мен елді мекендердің әлеуетін және бюджет мүмкіндіктерін анықтау жұмыстары да енгізілмек.

Темір ҚҰСАЙЫН,

«Egemen Qazaqstan»

АҚТӨБЕ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

15.02.2019

Бірге барайық: Интеллектуал дос тапқыңыз келе ме?

15.02.2019

Назгүлдің фото нысанасында – бейкүнә сәбилер қасіреті

15.02.2019

Е.Біртанов медицина саласындағы сапасыз қызметтерді атады

15.02.2019

Смартфоныңыз денсаулығыңыздың көмекшісіне айналады

15.02.2019

Мұхтар Тайжан ауылшарушылығы жерлерін жалға беру туралы пікір білдірді

15.02.2019

Өскемен көшелері  жаңғырып жатыр

15.02.2019

Батырхан Шүкеновтің естелік медалін анасына табыстау рәсімі өтті

15.02.2019

Бердібек Сапарбаев халық алдында есеп берді

15.02.2019

Абайдың латын графикасындағы кітаптары көрмеге қойылды

15.02.2019

Тағам өндірушілерінің І халықаралық форумы өтті

15.02.2019

Адамзат тарихында ең қымбатқа бағаланған картина

15.02.2019

Әлемге әйгілі болған қазақ қызы алдағы уақытта Америкаға аттанады  

15.02.2019

Дипломатиялық қатынастар орнату туралы бірлескен коммюникеге қол қойылды

15.02.2019

Сенатор Ә.Құртаев Азия елдері парламентшілерінің кездесуіне қатысты

15.02.2019

Қолжетімді баспанамен қамтуда қозғалыс бар

15.02.2019

Астана әкімі Бақыт Сұлтанов көпбалалы аналармен кездесті

15.02.2019

Семейде өлкетану оқулары өтті

15.02.2019

Испанияда кезектен тыс сайлау болады

15.02.2019

Киногерлер Шәкен Аймановтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

15.02.2019

Зауыттар көбейсе, жұмыссыздық азаяр еді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Keleli istiń paidasy

Búginde ár kólikke tirkelip beriletin memlekettik nómirlerdiń deni jappaı satylymǵa shyǵaryldy. Olar birkelki sandar men úılesimdi áripter tizbeginen quralǵandyqtan birden kóz tartady. Ony halyq arasynda «ádemi nómirler» deıdi. Atalǵan nómirlerdi alýǵa júrgizýshiler de yntyq. Ásirese qymbat kólik ıeleri úshin sándi nómirdi taǵý, ózine bir artyqshylyqty beretindeı kóredi. Endeshe bul nómirlerdi satylymǵa shyǵarǵannan kim utyp jatyr dep oılaımyz?

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Qumar oıynnyń quryǵy uzyn

«Aıdalada altyn bar» dese, soǵan birinshi qandastarymyz baratyn shyǵar dep oılaıtyn halge jettik. Bulaı deýimizge qoǵamda qordalanyp qalǵan, ordalanyp alǵan máseleler mysal bola alady. Sonyń biri – báske aqsha tigý, ıaǵnı býkmekerlik keńselerdiń keleńsiz kásibi bolyp tur. Jalpy, ózi jarymaı otyrǵan jannyń «úıde otyryp ońaı aqsha tabý jolyn úıretemin» degenine erip kete beretin ańqaý bolatynyna ekenine búginde kózimiz ábden jetti. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу