Ұлттық бірыңғай тестілеуді жылына төрт рет тапсырады

Ұлттық бірыңғай тестілеу десе кез келген оқушының жүзінен үміт пен күдіктің шарпылысып жататынын байқауға болады. Екі түрлі сезімнің етегінен ұстаған талапкер ертеңіне елеңдеп, алдағы күніне алаңдап отыратыны айқын. Махаббатың ауған мамандығыңа жету жолында машақаттардың кездеспей қалуы мүмкін емес. Мектеп қабырғасынан қанаттанып шыққанда, үміт пен күдіктің күркесін жамылып алдыңнан қарсы алатын – Ұлттық бірыңғай тестілеу екені белгілі. Оқушының бабы мен бағы қатар сыналатын бәйгеде біреуінің аты алға шығып, енді бірінің тұлпары тұралап қалып жатады. Ұпайдан ұтылғандардың ұнжырғасы түспеуіне назар аударған Білім және ғылым министрлігі ұлттық бірыңғай тестілеуді жылына төрт мәрте тапсыруға мүмкіндік беріп отыр. Ұлттық бірыңғай тестілеу орталығының мәліметіне сүйенсек 2004 жылы енгізілген тестілеуге 2004-2018 жылдар аралығында 1 миллион 775 мың мектеп түлектері қатысқан. Осы ретте өткен аптада елімізде қысқы тестілеу ұйымдастырылған болатын.

Егемен Қазақстан
22.01.2019 1726
2

Ағылшын тілінде 61 оқушы тест тапсырды

Биылдан бастап жоғары оқу орнына ақылы негізде түсу үшін ҰБТ-ны жылына 4 рет (қаңтар, наурыз, маусым, тамыз) тапсыруға болады. Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін оқуға түсушілер маусым айында өтетін ҰБТ-ны тапсыруы қажет. Жалпы, сынақты тапсыру форматында өзгеріс жоқ. Бұл норма жоғары білім алуға қолжетімділікті арттыру мақсатында енгізілген. Аталған аламанның алғашқы жар­ысы өткен аптада өз мәре­сіне жетті. Сынаққа қатысу үшін құжаттарды қа­был­­­дау бірыңғай ақ­парат­тық жүйе арқылы 2018 жыл­дың 1-15 желтоқсан аралығында жүзеге асырылды. Нәтижесінде, тесті­­­­­леуге қатысуға 35 838 адам өтініш білдірді. Оның ішінде, қазақ тілінде – 25 615, орыс тілінде – 10 162, ағылшын тілінде 61 оқушы бар. Айта кететін тағы бір жайт, өткен жылы ағылшын тілінде тек 28 қатысушы білімін сына­ған болатын. Тестілеуді ағыл­шын тілінде тапсырушылар санының көбеюі жылдан жылға оқушылардың шет тілді меңгеру деңгейінің артқан­дығын аңғартады. Бұл көрсеткіштің көтерілуі елі­мізде көп­тілді білім беру сая­сатының енгізілуі мен жас­тар­дың білім кеңіс­ті­гінде әлемдік трендтерден қалыспауға деген ынта­сы­н­ың арқасында деуге болады. Ұлт­тық бірыңғай тестілеуге жалпы білім бере­тін мектептердің 11 (12) сынып оқушылары, бірінші ака­демиялық оқу кезеңін аяқ­та­ғанға дейін (шартты түрде қабылданған) ЖОО-ға қабыл­данған тұлғалар, сондай-ақ шығармашылық маман­­дықтарда оқитын және басқа мамандықтарға ауы­су­ға ниет білдірген студент­тер қатысады. Ұлттық бірыңғай тестілеуді жылына төрт рет өткізу жастарға не береді? Біз бұл сұрақты Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Су­хан­­бердиеваға қойған едік.

«Бұл еліміздің білім сала­сын­дағы тарихи сәт деуге болады. Себебі еліміздегі оқу­­шы­ларға ҰБТ-ны жылына төрт рет тапсыруға мүм­кіндік бердік. Қазіргі сәтте Қазақстанның көптеген жо­ға­ры оқу орындарында, мектептерде ұлттық бірыңғай тестілеу науқаны жүріп жатыр. Аталған сынақты жылына төрт рет өткізудегі мақса­тымыз – түлектердің психо­эмо­ционалдық көңіл күйі қа­лыпты болуын қаладық. Соны­мен қатар қай пәннен білімінің аздығын, қай пәннен көбірек дайындалу керектігін анықтауға мүмкіндік береді», деді Эльмира Амангелдіқызы. 

Вице-министрдің сөзін жал­ға­­ған Білім және ғылым минис­тр­­лігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев қаңтар, наурыз, тамыз айларында өтетін ұлттық бірыңғай тесті­леу­дің сертификаттары талапкерлерге жоғары оқу орын­дарының ақылы бөлім­де­рі­не түсуге мүмкіндік бере­ті­нін, ал талапкер мем­ле­кет­­тік грант иеленгісі келсе, онда міндетті түрде мау­сымда өтетін Ұлттық бір­ің­­ғай тестілеуге қатысу керек­тігін тілге тиек етті. 

Өткен аптадағы тестілеудің барысын бақылау мақсатында өңірлерге Білім және ғылым министрлігінің 309 өкілі жі­бе­ріліп, апелляциялық ко­мис­­­сиялар құрылып, медици­на­лық көмек көрсету пунк­тте­рі ұйым­дастырылған және тесті­леу барысында қауіпсіздік шаралары қамта­ма­сыз етілген. Сонымен қатар, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға керек болған жағдайда жеке көмекшілер, сондай-ақ сурдоаудармашылар ұсынылғанын да айта кетсек дейміз. ҰБТ өткізу үшін жергілікті жерлерде 444 адамнан тұратын ҰБТ ұйымдастыру және өткізу бойынша мемлекеттік комис­сия құрылып, оның құра­мына облыс немесе рес­публикалық маңызы бар қала­лар әкім­діктерінің өкілдері, құ­қық қорғау органдарының, қоғам­­дық ұйымдардың өкіл­де­рі кірген. Қаңтар айында өткізілген сынақта 74 ҰБТ өткізу пункті базасы мен 520 аудитория пайдаланылған. Барлық аудиториялар бұр­ын­ғы тестілеу барысы сияқты ұялы байланыс сигналдарын сөндіргіш құралдармен және бейнебақылаумен қамтамасыз етілді.

Үздіктерге грант береді

Ұлттық бірыңғай тесті­леу­ге қатысқан 35 838 талапкердің 61-і білімін ағылшын тілінде сынаған. ҰБТ-ны шет тілінде тапсырушылар санының артуына «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ қызығушылық танытып, осыған орай, түлектерді ынталандыру ретінде жоғары балл жинаған оқушыны шетел­­дік ЖОО-ға грантқа түс­ір­мекші. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басшысы Жанболат Мелде­шов тесті ағылшын тілінде үздік тапсырған талапкерге орталықтың грант бөлуге дайын екендігін жеткізіп, бірқатар шетелдік серіктес ЖОО-ларды белгіледі.

«Жалпы, шетелдік жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндік көп. Биыл шетелдік ЖОО-лар біздің азаматтарға 40 000 грант бөлуге дайын. Бұл – әр талапкердің тегін білім алуға мүмкіндігі бар деген сөз. Мектеп түлектері ҰБТ сертификатымен қазақ­стан­дық ЖОО-ларға ғана емес, шетелдік оқу орындарына да түсе алады. Мысалы, Түркия жоғары оқу орындарына біздің сертификатымызбен түсе алады. Бұл үшін ағылшын және түрік тіл­дерін білуі керек», деді Ж.Мелдешов. 

Соңғы жылдары ағылшын тілінде білім беру қарқынды дамып келеді. Кейбір қазақ­стан­дық мектептерде ағыл­шын тілінде оқытылатын пән­дер енгізілді. Ағылшын ті­лінде тест тапсырудың бас­ты мақса­ты – шетелдік ЖОО-ға түсу­ге деген ниет. Бұл мә­се­ле бой­ынша талап­кер­лерге «Халықаралық бағ­дар­ла­малар орталығы» көмек­­­­тесуге дайын. Айта кете­тін тағы бір жайт, теске қа­тысушылар 2242 теңге тө­лей­ді. Қаңтардағы тесті­­леу­дің қоры­тындысы жақында белгілі болады.

Рауан ҚАЙДАР,

«Egemen Qazaqstan»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.02.2019

Батысқазақстандықтар жаппай шаңғы тепті

24.02.2019

UFC: Дамир Исмағұлов жеңіске жетті

24.02.2019

Михаил Кукушкин финалға шықты

24.02.2019

Дюсельдорфта әзірге жүлде жоқ

23.02.2019

Гагарин кубогындағы қарсыластар анықталды

23.02.2019

«Алматы марафонының» жүгіру маусымы ашылды

23.02.2019

Түркістанда «Балдәурен-2019» байқауы өтті

23.02.2019

Түркістан: Түлкібас ауданында 6 әлеуметтік дүкен жұмыс істейді

23.02.2019

Атырауда көпбалалы үйлерге улы газды анықтайтын детекторлар тегін орнатылып жатыр

23.02.2019

Бейбіт Атамқұлов Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілімен кездесті

23.02.2019

Бектас Бекназаров Молдовадағы сайлауды бақылауға қатысты

23.02.2019

Елшілер институты Қазақстанға отандық жұлдыздардың жанкүйерлерін тартуға жол ашады

23.02.2019

Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады

23.02.2019

Бадминтоннан әлем кубогі: қазақстандықтар жұптық сында келесі кезеңге өтті

23.02.2019

Юлия Галышева Жапониядағы әлем кубогі кезеңінде қола жүлдегер атанды

23.02.2019

Елордада ашық құдықтар мәселесі қалай шешілуде?

23.02.2019

Астанада әскерге шақырылушыларды медициналық куәландыру мәселелері талқыланды

23.02.2019

Қоғамдық қабылдауда ақтөбеліктердің мыңнан астам мәселесі шешілді

23.02.2019

ТМД құрылысшылары баға белгілеу саласында тәжірибе алмасты

23.02.2019

Жас теміржолшылар республикалық «Jas qanattar»  форумына қатысты

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Jol erejesinen buryn, saqtyq kerek

Jasyratyny joq, ózimizdiń bir áriptesimiz, Qaraǵandy tas jolynan Astanaǵa kirer tusta keshqurym, ıaǵnı alageýim shaqta kóligimen bir adamdy basyp ketti. Ol jaıaý júrginshi jolaǵymen júgire basqan jandy kórmeı qalǵan. Qansha jerden kinásin moıyndasa da, ol – jaýapker. Sebebi jaıaý júrginshige arnalǵan jolaqta ereje buzdy. Toqtamady. Al toqtar edi, biraq adamdy kórgen joq. Mine, endi mundaı jaǵdaıda kimge kiná artasyz? Jaıaý júrginshi de opat boldy, júrgizýshi de qamalady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу