Әлем • 22 Қаңтар, 2019

Керчен бұғазындағы өрт: 11 адам қаза тапты

389 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Керчен бұғазындағы кемелерде болған өрт салдарынан он бір адам қаза тапты. Бұл туралы Росморречфлоттың баспасөз қызметі хабарлады. Қалған он екі адам құтқарылды.

Керчен бұғазындағы өрт: 11 адам қаза тапты

«Үш адам құтқарушылардың көз алдында суға кетті, тағы бес адамның не суда қалып қойғандығы немесе жанып жатқан кемелерде қалғаны белгісіз», — деп хабарлады Росморречфлот.

Бұған дейін «Канди» және «Маэстро» кемелерінде өрт шыққан. Екі кемеде 32 адам болған, олардың барлығы Үндістан мен Түркия азаматтары.

Росморречфлоттың мәліметтері бойынша, өрт отынды бір кемеден екінші кемеге беру кезінде басталды.

Қазір апат орнында «спасатель Демидов» авариялық-құтқару кемесі жүр. Бұл операцияны Новороссийск құтқару-үйлестіру орталығы басқарады.

Қырым теңіз порттарының бас директоры Алексей Волков Керчен бұғазындағы кеме қатынасы штаттық режимде өтіп жатқанын хабарлады. 

Түркияның әділдік және даму партиясының баспасөз хатшысы Омер Челиктің алдын ала мәліметінше, жанып жатқан екі кемеде Түркияның 16 азаматы бар. Ол Анкараның Ресей Елшілігімен тығыз байланыста екенін атап өтті.