Давоста дүниежүзілік экономикалық форум басталды

Бүгін Швейцарияда дүниежүзілік экономикалық Давос форумы басталды. Давос форумына 110 елден келген 3 мыңнан астам саясат, қоғам қайраткерлері, ғалым және үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысады. Биылғы форум «Жаһандану 4: Төртінші индустриялық революция дәуірінде жаһандық архитектураны қалыптастыру» тақырыбына арналған.

Егемен Қазақстан
22.01.2019 7917
2

Жиын бағдарламасы әртүрлі тақырыптарды қамтиды. Бағдарлама алты сыни диалогқа: әлемдегі геосаясатқа, экономиканың болашағына, өнеркәсіптік жүйелер мен технологиялық саясатқа, адам капиталы мен қоғамды көтермелеуге, сондай-ақ жаһандық институционалдық реформа жасауға бағытталған.

«Жаһанданудың төртінші толқыны адамдарға негізделіп, инклюзивті және тұрақты болу керек. Біз «төртінші индустриялық революцияның» әсері мен геоэкономикалық және геосаяси күштерді қайта құру нәтижесінде туындаған үлкен ғаламдық тұрақсыздық кезеңіне кіріп отырмыз. Давосқа қатысуға қызығушылық танытқан топтар осы мәселелерді шешу үшін атсалысады деп ойлаймыз», деді дүниежүзілік экономикалық форумның негізін қалаушы және бас атқарушы профессор Клаус Швабт.

Форумға 60-тан астам елдің мемлекет басшысы мен премьер-министрі қатысады. Атап айтқанда Жапония премьер-Министрі Синдзо Абе, Германия канцлері Ангела Меркель, Қытай төрағасының орынбасары Ван Цишань, Бразилияның жаңа президенті Жаир Болсонару, Италия премьер-министрі Джузеппе Конте, ағылшын тағының екінші кезектегі мұрагері, ханзада Уильям, Испания премьер-министрі Педро Санчес, Ауғанстан президенті Ашраф Гани, Ирак президенті Бархам Салех, Армения премьер-министрі Никола Пашинян, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев келеді.  Бұдан басқа, БҰҰ және оның бөлімшелерінің, ХВҚ, НАТО, Дүниежүзілік банк, ДСҰ және басқа ірі халықаралық ұйымдардың басшылары қатысады.

 Жиынның ең жас қатысушы 16 жастағы - Оңтүстік Африканың жабайы жануарлар өмірін суретке түсіруші фотограф Ски Мейкер. Ал 92 жастағы климаттың өзгеруіне әлем назар аудару үшін өз жұмысын тиімді пайдаланған әйгілі тележүргізуші Дэвид Аттенборо ең қарт қатысушысы.

Уақытша бюджет дағдарысы салдарынан АҚШ делегациясы форумға қатыспайды. Бұл туралы Ақ үйдің ресми өкілі Сара Сандерс мәлімдеді. Сондай-ақ Брекситтен басы қатқан Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй, Париждегі «сары күрте кигендердің» ереуілдеріне байланысты елдегі ішкі жағдайды қолға алған Франция президенті Эммануэль Макрон бұл форумға келген жоқ.

Форум мемлекет басшылары үшін түрлі кездесулер, қарым-қатынас және келіссөздер жүргізуге мүмкіндік береді. Мысалы Ресей Энергетика министрі Александр Новак форумда Сауд Арабиясының Энергетика министрі Халид әл-Фалихпен мұнай нарығында ОПЕК+ келіссөзін жүзеге асыруды талқылайтынын хабарлады. Сондай-ақ, Давоста Таяу Шығыстағы, оның ішінде Ливия мен Сириядағы жағдай бойынша бірнеше пікірталастар өтеді. БҰҰ-ның Сирия мәселелері бойынша арнайы өкілі Гейр Педерсен Сирия тақырыбын жабық кездесуде мүдделі елдердің өкілдерімен талқылайды. Жақында ол Дамаскіде болып Үкіметпен кездесті, оппозиция делегациясымен жеке әңгімелесті.

Бүкiләлемдiк экономикалық форум халықаралық әрiптестiктi дамыту мақсатында ұйымдастырылады. 1971 жылы құрылған форумға 1000-нан астам iрi компаниялар мен әлем мемлекеттерi мүше.

Мәдина ЖӘЛЕЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.02.2019

Батысқазақстандықтар жаппай шаңғы тепті

24.02.2019

UFC: Дамир Исмағұлов жеңіске жетті

24.02.2019

Михаил Кукушкин финалға шықты

24.02.2019

Дюсельдорфта әзірге жүлде жоқ

23.02.2019

Гагарин кубогындағы қарсыластар анықталды

23.02.2019

«Алматы марафонының» жүгіру маусымы ашылды

23.02.2019

Түркістанда «Балдәурен-2019» байқауы өтті

23.02.2019

Түркістан: Түлкібас ауданында 6 әлеуметтік дүкен жұмыс істейді

23.02.2019

Атырауда көпбалалы үйлерге улы газды анықтайтын детекторлар тегін орнатылып жатыр

23.02.2019

Бейбіт Атамқұлов Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілімен кездесті

23.02.2019

Бектас Бекназаров Молдовадағы сайлауды бақылауға қатысты

23.02.2019

Елшілер институты Қазақстанға отандық жұлдыздардың жанкүйерлерін тартуға жол ашады

23.02.2019

Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады

23.02.2019

Бадминтоннан әлем кубогі: қазақстандықтар жұптық сында келесі кезеңге өтті

23.02.2019

Юлия Галышева Жапониядағы әлем кубогі кезеңінде қола жүлдегер атанды

23.02.2019

Елордада ашық құдықтар мәселесі қалай шешілуде?

23.02.2019

Астанада әскерге шақырылушыларды медициналық куәландыру мәселелері талқыланды

23.02.2019

Қоғамдық қабылдауда ақтөбеліктердің мыңнан астам мәселесі шешілді

23.02.2019

ТМД құрылысшылары баға белгілеу саласында тәжірибе алмасты

23.02.2019

Жас теміржолшылар республикалық «Jas qanattar»  форумына қатысты

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Jol erejesinen buryn, saqtyq kerek

Jasyratyny joq, ózimizdiń bir áriptesimiz, Qaraǵandy tas jolynan Astanaǵa kirer tusta keshqurym, ıaǵnı alageýim shaqta kóligimen bir adamdy basyp ketti. Ol jaıaý júrginshi jolaǵymen júgire basqan jandy kórmeı qalǵan. Qansha jerden kinásin moıyndasa da, ol – jaýapker. Sebebi jaıaý júrginshige arnalǵan jolaqta ereje buzdy. Toqtamady. Al toqtar edi, biraq adamdy kórgen joq. Mine, endi mundaı jaǵdaıda kimge kiná artasyz? Jaıaý júrginshi de opat boldy, júrgizýshi de qamalady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу