Аймақтар • 22 Қаңтар, 2019

Астананы газдандыру үш кезеңмен жүргізіледі – Бақыт Сұлтанов

744 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінгі күні Астана қаласын газдандыру жобасы үш кезеңге бөлінді. Бұл туралы Үкімет сағатында Астана әкімі Бақыт Сұлтанов айтты деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Астананы газдандыру үш кезеңмен жүргізіледі – Бақыт Сұлтанов

​«Бесінші бастама бойынша елді газбен қамтамасыз ету үшін Астана әкімдігі былтырғы жылдың 13 шілдесінде газ тарату желілерін салу және Астана қаласының жеке секторы тұрғын алаптары мен энергия кешенін табиғи газға ауыстыру жөнінде жол картасы бекітілді. Бүгінгі күні Астана қаласын газдандыру жобасы үш кезеңге бөлінген. Жобалық сметалық құжаттамаға сәйкес құрылыс монтаждау жұмыстарының жалпы сомасы 52 млрд теңгені құрап отыр», - деді елорда әкімі.

Оның айтуынша, бірінші кезеңнің құрылысы бойынша 27 млрд теңге керек.

«Бірінші кезең аясында 3 ЖЭО және Көктал-1, Көктал-2, Оңтүстік-шығыс шағын аудандарын газдандыру қарастырылып отыр. Бүгінгі күні тиісті құжаттамаға мемлекеттік сараптаманың қорытындысы алынды. Жергілікті бюджеттен 286 млн теңге бөлінді. Биыл жаңағы айтылған 27 млрд туралы, оның ішінде 4 млрд теңге республикалық бюджетті нақтылау кезінде біз тиісті құжаттаманы министрлікке беретін боламыз. Әрі қарай республикалық бюджет комиссиясында қарау үшін», - деді Бақыт Сұлтанов.