Астана әкімдігінің аппараттық жиыны бұдан былай ашық форматта өтеді

Қалалық әкімдікте апта сайынғы аппараттық кеңес өтті. Онда «Астана адалдық алаңы» жобасының іске асуы, кәріз құдықтарының ашық қалуы және үлестік құрылыс сұрақтары қаралды. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады. 

Егемен Қазақстан
22.01.2019 509
2

«Астана адалдық алаңы» жобасын іске асыруға қатысты қала әкіміне Мемлекеттік қызмет істері жемқорлыққа қарсы күрес және сыбайлас департаментінің басшысы Жазира Жылқышиева баяндап берді. Оның айтуынша, жоба аясында астаналық департамент 2019 жылы өзінің кеңсе форматын өзгерткен.  

«Бүгін МҚІАД қызметкерлерінің жұмысында «Open space» технологиясы қолданылуда. Бұрын басшылық жеке отыратын еді енді қызметкерлермен бірге бір кабинетте отырады. Оңтайландыру аясында біз қатардағы қызметкерлердің еңбекақы мөлшерін арттыруға қол жеткізе алдық. Біздің департаменттің тәжірибесін әкімдік басқармаларына бағынысты мекемелерде де қолдануды ұсынамыз», деді Жазира Жылқышиева.

Департамент басшысы осы жылы «Астана – адалдық алаңы» жобасы аясында жүзеге асатын іс-шаралар тұрмыстық деңгейдегі, денсаулық сақтау, білім беру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, сәулет және қала құрылысы саласында тұрмыстық жемқорлықты  төмендетуге бағытталатынын мәлімдеді. Осыған байланысты әкім Бақыт Сұлтанов сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшыларына, сондай-ақ мониторинг және жедел әрекет ету орталығына жобалық кеңсе орталығын ашуға қол ұшын беруге шақырды.

Елорда әкімінің айтуынша, қаланың жүйелі проблемалар рейтингісінде тұрған өзекті мәселелердің бірі – үлестік құрылыс. Тұрғын үй құрылысына үлескерлік қатысудың проблемалы мәселелері бойынша қала әкімінің бірінші орынбасары Сергей  Хорошун айтып берді. Астанада барлық тұрғын үй нысандарының құрылысын аяқтауға байланысты Жол картасы әзірленген.

Әкімнің бірінші орынбасарының айтуынша, Жол картасын жүзеге асыру барысында және ведомствоаралық комиссияның жұмысы аясында үлескерлердің барлық проблемалық мәселелері шешілетін болады. Сонымен қатар, алдағы төрт жылда 35 тозған және апатты үй сүріліп, 750 тұрғыны көшіріледі деп жоспарлануда. Қала әкімінің айтуынша, «Азбука жилья» нысандарына қатысты мемлекеттік сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттама 25 қаңтарға дейін шығуы тиіс.  

Денсаулық сақтау саласындағы ағымдағы жағдай туралы қала әкімінің орынбасары Аманшаев Ермек баяндады. Оның айтуынша, қалалық емханалар мен ауруханалардың жұмысына келіп түскен шағымдарды саны өткен аптада 98 құрады, алдыңғы апта көрсеткіштермен салыстырғанда бұл 10% - ға төмен.

«Даулы мәселелердің жиі туындауына байланысты тұрғындар көбіне емханалардың қызметіне шағым түсіреді. Шағымдардың көбісі медициналық қызметкерлердің моралды-этикалық тәртібіне, дәрігердің қабылдауына жазылу, кезек мәселесіне қатысты шағымданады. Аталмыш мәселелер бойынша тиісті медициналық мекемелердің басшылығына ескертулер жасалды», - деді Е. Аманшаев. Ол, сондай-ақ, елордадағы мұз қалашықтарға келушілер саны бүгінгі таңда 30 мыңға жуықтағанын атап өтті.       

«Бұл – өте жақсы көрсеткіш. Есіл ауданындағы мұз қалашықтарға 14 мыңнан астам адам келеді. Елордада ұйымдастырылған барлық мұз айдындары мен қалашықтарында әр демалыс күні түрлі іс-шаралар өткізіледі. Мұз айдындарында жарақат алу оқиғаларын болдырмау шаралары жүргізіледі. Мәселе біздің тұрақты бақылауымызда», - деді Аманшаев.

Астана әкімінің орынбасары Малика Бектұрова «Сергек» камераларын орнату жұмыстарынан хабардар етті. ««Сергек» фото-бейне бақылау камералары қаланың барлық аудандарында орнатылған. Жол қиылыстарында 200 камера енгізілді. Бүгінгі таңда қалада 1536 «Сергек» камерасы жұмыс істеуде. Болашақта Астанада азаматтардың тұлғаларын анықтауға мүмкіндік беретін камералар орнатылады деп жоспарлануда. Пилоттық жобаны ҚР ІІМ іске асыратын болады», - деп мәлімдеді М. Бектұрова.

Аудан әкімдерінің есебін тыңдаған Бақыт Сұлтанов металлды қабылдау пунктері қызметіне жасалған жағдайға тосқауыл қоюға және люк қақпақтарын, электр кабельдерін, басқа да металлдарды ұрлауға қатысты проблеманы шешуге мүмкіндік беретін іс-шараларды жүзеге асыру және қолданыстағы заңнамаға тиісті өзгерістерді енгізу бойынша ұсыныстарды келтіруді тапсырды.

«Ашық құдыққа құлап қалған қыздың қазасымен байланысты қайғылы оқиғадан кейін біз ашық құдықтарға, олардың қақпақтарының ұрлануына, сондай-ақ, қақпақтарды басқа материалдан жасауға қатысты мәселелерді бірнеше мәрте талқылаған болатынбыз. Ашық құдықтарға қатысты жұмыс мәселесін түйіндей келе, қатардағы жұмыскерлермен қоса, олардың жетекшілерінің де тапсырмаға немқұрайлы қарағандығын көріп отырмыз! Аудан әкімдерінің жауапты орынбасарлары мен инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту; отын-энергетикалық кешен және коммуналдық шаруашылық; көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармалары басшыларының жауапты орынбасарларына ескертуді соңғы рет жасап отырмын. Мәселе жақын арада шешімін таппаса, жауапты тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырамын»,- Бақыт Сұлтанов.

Аппараттық кеңес барысының толық нұсқасын төмендегі бейнематериалдан көруге болады. Тұрғындар Астана әкімдігінің аппараттық жиынын енді ашық форматта апта сайын көре алады.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

15.02.2019

Бірге барайық: Интеллектуал дос тапқыңыз келе ме?

15.02.2019

Назгүлдің фото нысанасында – бейкүнә сәбилер қасіреті

15.02.2019

Е.Біртанов медицина саласындағы сапасыз қызметтерді атады

15.02.2019

Смартфоныңыз денсаулығыңыздың көмекшісіне айналады

15.02.2019

Мұхтар Тайжан ауылшарушылығы жерлерін жалға беру туралы пікір білдірді

15.02.2019

Өскемен көшелері  жаңғырып жатыр

15.02.2019

Батырхан Шүкеновтің естелік медалін анасына табыстау рәсімі өтті

15.02.2019

Бердібек Сапарбаев халық алдында есеп берді

15.02.2019

Абайдың латын графикасындағы кітаптары көрмеге қойылды

15.02.2019

Тағам өндірушілерінің І халықаралық форумы өтті

15.02.2019

Адамзат тарихында ең қымбатқа бағаланған картина

15.02.2019

Әлемге әйгілі болған қазақ қызы алдағы уақытта Америкаға аттанады  

15.02.2019

Дипломатиялық қатынастар орнату туралы бірлескен коммюникеге қол қойылды

15.02.2019

Сенатор Ә.Құртаев Азия елдері парламентшілерінің кездесуіне қатысты

15.02.2019

Қолжетімді баспанамен қамтуда қозғалыс бар

15.02.2019

Астана әкімі Бақыт Сұлтанов көпбалалы аналармен кездесті

15.02.2019

Семейде өлкетану оқулары өтті

15.02.2019

Испанияда кезектен тыс сайлау болады

15.02.2019

Киногерлер Шәкен Аймановтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

15.02.2019

Зауыттар көбейсе, жұмыссыздық азаяр еді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Keleli istiń paidasy

Búginde ár kólikke tirkelip beriletin memlekettik nómirlerdiń deni jappaı satylymǵa shyǵaryldy. Olar birkelki sandar men úılesimdi áripter tizbeginen quralǵandyqtan birden kóz tartady. Ony halyq arasynda «ádemi nómirler» deıdi. Atalǵan nómirlerdi alýǵa júrgizýshiler de yntyq. Ásirese qymbat kólik ıeleri úshin sándi nómirdi taǵý, ózine bir artyqshylyqty beretindeı kóredi. Endeshe bul nómirlerdi satylymǵa shyǵarǵannan kim utyp jatyr dep oılaımyz?

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Qumar oıynnyń quryǵy uzyn

«Aıdalada altyn bar» dese, soǵan birinshi qandastarymyz baratyn shyǵar dep oılaıtyn halge jettik. Bulaı deýimizge qoǵamda qordalanyp qalǵan, ordalanyp alǵan máseleler mysal bola alady. Sonyń biri – báske aqsha tigý, ıaǵnı býkmekerlik keńselerdiń keleńsiz kásibi bolyp tur. Jalpy, ózi jarymaı otyrǵan jannyń «úıde otyryp ońaı aqsha tabý jolyn úıretemin» degenine erip kete beretin ańqaý bolatynyna ekenine búginde kózimiz ábden jetti. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу