Сенатта халықаралық құжаттар қаралды

Парламент Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында «Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Егемен Қазақстан
22.01.2019 3118
2

Келісімге 2018 жылғы 2 ақпанда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында Алматы қаласында қол қойылған болатын.

Келісімнің негізгі мақсаты - Еуразиялық экономикалық одақта тауарлардың заңды айналымын, тұтынушылардың құқықтарын қорғауды және оларды жаңылыстыратын әрекеттердің алдын алуды қамтамасыз ету үшін тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау саласында келісілген, үйлестірілген саясат жүргізу.

Құжат таңбаланатын тауарлардың айналымына бақылауды жүзеге асыру жолымен көлеңкелі экономиканың көлемін қысқартуға және бюджетке салық түсімдерін ұлғайтуға бағытталған.

Келісім Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің шешімімен тізбесі бекітілетін таңбалануға жататын тауарларды Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде біріздендірілген сәйкестендіру құралдарымен таңбалау тәртібін айқындайды.

Сонымен қатар, Келісіммен сәйкестендіру құралдарының бірыңғай тізілімін қалыптастыру және жүргізу, Одаққа мүше мемлекеттердің Еуразиялық экономикалық комиссияны тауарларды таңбалауды енгізу жөнінде ниеттерінің бар екендігі туралы хабардар ету, Одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл тәртібі, сондай-ақ оларға таңбалануға қойылатын талаптар мен таңбалау шарттары қолданылмайтын тауарлар регламенттеледі.

Келісім аясында Одаққа мүше мемлекеттердің ұсыныстары, тауарларды таңбалауды енгізудің орындылығын талдаудың, бизнес жүргізу жағдайына таңбалау енгізудің әсері, таңбалаудың технологиялық мүмкіндіктері болуы туралы ақпараттың, сондай-ақ тауарларға қатысты олардың айналымына бақылаудың өзге жүйесінің жұмыс істейтіндігі туралы ақпараттың негізінде Комиссия Кеңесі тауарларды таңбалауды енгізу туралы шешімді қабылдайды.

Отырыста сондай-ақ «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.

Осы Хаттамаға Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің басшылары 2018 жылғы 15 наурызда Мәскеу қаласында қол қойды.

Хаттаманың мақсаты 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 10-бабының 2-тармағына Жоғары кеңестің құрамына мүше мемлекеттің басшысы ғана емес, сонымен бірге өз мемлекетінің заңнамасына сәйкес, Жоғары кеңестің құзыретіне кіретін мәселелер жөнінде шешімдерді қабылдау өкілеттіктері берілген мүше мемлекеттің Үкімет басшысын қосу мүмкіндігін белгілеу бөлігінде өзгеріс енгізу.

ЕАЭО туралы шартқа өзгеріс енгізу қажеттігі Армения Республикасындағы конституциялық өзгерістерге байланысты, оларға сәйкес Армения Республикасы 2018 жылғы сәуірден бастап Армения Республикасы Президентінің сыртқы саясат саласындағы негізгі өкілеттіктерін Армения Республикасының Үкіметі мен Премьер-Министріне беруді көздейтін парламенттік басқару нысанына толығымен көшкен болатын.

Құжаттар Палатаның қарауына берілді. 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.02.2019

Батысқазақстандықтар жаппай шаңғы тепті

24.02.2019

UFC: Дамир Исмағұлов жеңіске жетті

24.02.2019

Михаил Кукушкин финалға шықты

24.02.2019

Дюсельдорфта әзірге жүлде жоқ

23.02.2019

Гагарин кубогындағы қарсыластар анықталды

23.02.2019

«Алматы марафонының» жүгіру маусымы ашылды

23.02.2019

Түркістанда «Балдәурен-2019» байқауы өтті

23.02.2019

Түркістан: Түлкібас ауданында 6 әлеуметтік дүкен жұмыс істейді

23.02.2019

Атырауда көпбалалы үйлерге улы газды анықтайтын детекторлар тегін орнатылып жатыр

23.02.2019

Бейбіт Атамқұлов Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілімен кездесті

23.02.2019

Бектас Бекназаров Молдовадағы сайлауды бақылауға қатысты

23.02.2019

Елшілер институты Қазақстанға отандық жұлдыздардың жанкүйерлерін тартуға жол ашады

23.02.2019

Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады

23.02.2019

Бадминтоннан әлем кубогі: қазақстандықтар жұптық сында келесі кезеңге өтті

23.02.2019

Юлия Галышева Жапониядағы әлем кубогі кезеңінде қола жүлдегер атанды

23.02.2019

Елордада ашық құдықтар мәселесі қалай шешілуде?

23.02.2019

Астанада әскерге шақырылушыларды медициналық куәландыру мәселелері талқыланды

23.02.2019

Қоғамдық қабылдауда ақтөбеліктердің мыңнан астам мәселесі шешілді

23.02.2019

ТМД құрылысшылары баға белгілеу саласында тәжірибе алмасты

23.02.2019

Жас теміржолшылар республикалық «Jas qanattar»  форумына қатысты

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Jol erejesinen buryn, saqtyq kerek

Jasyratyny joq, ózimizdiń bir áriptesimiz, Qaraǵandy tas jolynan Astanaǵa kirer tusta keshqurym, ıaǵnı alageýim shaqta kóligimen bir adamdy basyp ketti. Ol jaıaý júrginshi jolaǵymen júgire basqan jandy kórmeı qalǵan. Qansha jerden kinásin moıyndasa da, ol – jaýapker. Sebebi jaıaý júrginshige arnalǵan jolaqta ereje buzdy. Toqtamady. Al toqtar edi, biraq adamdy kórgen joq. Mine, endi mundaı jaǵdaıda kimge kiná artasyz? Jaıaý júrginshi de opat boldy, júrgizýshi de qamalady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу