Р.Бекетаев: мемлекеттік сатып алуларға қатысу үшін салық төлеу керек

Бүгін Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында Қаржы вице-министрі Руслан Бекетаев мемлекеттік сатып алулар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алулары саласындағы негізгі жаңашылдықтар туралы айтып берді.

Егемен Қазақстан
22.01.2019 8599
2

Егер өткен жылдары Қаржы министрлігінің мемлекеттік сатып алуларды әзірлеудегі жұмысы рәсімдердің ашықтығы мен айқындығын күшейтуге бағытталған болса, бүгінде бұл міндет орындалды. Вице-министрдің айтуынша, министрліктің мемлекеттік сатып алуларды әзірлеу жөніндегі ағымдағы жұмысы сапалы әрі әділ амалға негізделген.

«Мемлекеттік сатып алулар бойынша рәсімдердің 100% электронды форматқа көшірілген және сәйкесінше, сапаға үлкен назар аудару қажет деп есептейміз. Демпингке шекті белгілеу арқылы біз бағаның қандай болу керектігін жақсы түсінетін компаниялар сатып алуларға қатысатынын анықтаймыз. Сондай-ақ, құрылыста шартты түрде төмендеу 10%-дан төмен болмауы сапаға кепіл болады», — деп мәлімдеді Р. Бекетаев. 

Сонымен бірге, заң жобасында іріктеудің негізгі критерийі — жұмыс тәжірибесі болатыны анықталған. Компаниялар жұмыс тәжірибесі бойынша бәсекеге түседі және шартты баға осы негізде анықталады.

«Шартты баға көп жағдайда жеңімпазды анықтайтын болады. Алайда, егер демпингті орнатсақ, онда бәрі 10%-ға төмендеген жағдайды көреміз және жеңімпазды анықтай алмаймыз, сәйкесінше, мұнда анықтаушы фактор салықтарды төлеу болады. Біздің идеологиямыз мынандай – кім салық төлесе, сол мемлекеттік сатып алуларға қатысуы тиіс және тиісінше, кім көбірек төлейтін болса, сол жеңуі керек, себебі біз тәжірибесі жоқ және салық төлемейтін компаниялар бағаны арзандатып, жеңіп кетіп жатқан жағдайларды жиі байқаймыз. Бұдан кейін олар нысанды соңына дейін аяқтай алмайды, өйткені қаржы дұрыс игерілмейді немесе өз міндеттерін сапалы орындай алмайды», — деп түсіндірді Р. Бекетаев.

Бұдан өзге, мемлекеттік сатып алуларды орталықтандыру аясында, Сатып алулардың бірыңғай ұйымдастырушылары үшін республикалық, облыстық және аудандық деңгейлерде Қаржы министрлігі тиісті тауарлар тізімін бекітті. Қаржы министрлігінің бұйрығы 2019 жылдың 1 наурызынан бастап қолданысқа енеді.

«Біріншіден, мемлекеттік сатып алуларға мектептер, ауруханалар, әлеуметтік нысандар секілді негізгі қызметі оқытуға және әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік мекемелер қатысады. Аталған түзетудің идеологиясы – басқа мәселелермен айналысуға тиісті мемлекеттік мекемелерді өздеріне тән емес функциялардан босату. Екіншіден, орталықтандыру оңтайлы сатып алуға мүмкіндік береді», — деді Р. Бекетаев.

Мемлекеттік сатып алулар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алу саласын жетілдіру мақсатында 2018 жылдың 26 желтоқсанында Елбасы «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Заң 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енді.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.02.2019

Батысқазақстандықтар жаппай шаңғы тепті

24.02.2019

UFC: Дамир Исмағұлов жеңіске жетті

24.02.2019

Михаил Кукушкин финалға шықты

24.02.2019

Дюсельдорфта әзірге жүлде жоқ

23.02.2019

Гагарин кубогындағы қарсыластар анықталды

23.02.2019

«Алматы марафонының» жүгіру маусымы ашылды

23.02.2019

Түркістанда «Балдәурен-2019» байқауы өтті

23.02.2019

Түркістан: Түлкібас ауданында 6 әлеуметтік дүкен жұмыс істейді

23.02.2019

Атырауда көпбалалы үйлерге улы газды анықтайтын детекторлар тегін орнатылып жатыр

23.02.2019

Бейбіт Атамқұлов Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілімен кездесті

23.02.2019

Бектас Бекназаров Молдовадағы сайлауды бақылауға қатысты

23.02.2019

Елшілер институты Қазақстанға отандық жұлдыздардың жанкүйерлерін тартуға жол ашады

23.02.2019

Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады

23.02.2019

Бадминтоннан әлем кубогі: қазақстандықтар жұптық сында келесі кезеңге өтті

23.02.2019

Юлия Галышева Жапониядағы әлем кубогі кезеңінде қола жүлдегер атанды

23.02.2019

Елордада ашық құдықтар мәселесі қалай шешілуде?

23.02.2019

Астанада әскерге шақырылушыларды медициналық куәландыру мәселелері талқыланды

23.02.2019

Қоғамдық қабылдауда ақтөбеліктердің мыңнан астам мәселесі шешілді

23.02.2019

ТМД құрылысшылары баға белгілеу саласында тәжірибе алмасты

23.02.2019

Жас теміржолшылар республикалық «Jas qanattar»  форумына қатысты

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Jol erejesinen buryn, saqtyq kerek

Jasyratyny joq, ózimizdiń bir áriptesimiz, Qaraǵandy tas jolynan Astanaǵa kirer tusta keshqurym, ıaǵnı alageýim shaqta kóligimen bir adamdy basyp ketti. Ol jaıaý júrginshi jolaǵymen júgire basqan jandy kórmeı qalǵan. Qansha jerden kinásin moıyndasa da, ol – jaýapker. Sebebi jaıaý júrginshige arnalǵan jolaqta ereje buzdy. Toqtamady. Al toqtar edi, biraq adamdy kórgen joq. Mine, endi mundaı jaǵdaıda kimge kiná artasyz? Jaıaý júrginshi de opat boldy, júrgizýshi de qamalady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу