Маңғыстауда арнайы мониторинг тобының алғашқы отырысы өтті

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінде арнайы мониторинг тобының биылғы жылдағы алғашқы отырысы өтті. Іс-шараға Агенттіктің аумақтық департаментінің басшылығы мен қызметкерлері, облыс, қала, аудандардағы арнайы мониторинг тобының мүшелері қатысты.

Егемен Қазақстан
23.01.2019 6356
2

Агенттіктің аумақтық департаментінің басшысы арнайы мониторинг тобының мақсаты мен міндеттері, топ ережесінің талаптарымен, 2019 жылға арналған жұмыс жоспарының жобасымен таныстырып өтті.

Бұдан басқа аумақтық департамент басшысы былтырғы жылдың жұмыс қорытындысы мен нәтижелеріне тоқталып өтіп, алдағы уақыттағы қоғамдық мониторинг өткізілетін салаларды белгіледі.

Өз кезегінде облыстық арнайы мониторинг тобының төрайымы Рухия Алдоңғарова 2018 жылы атқарылған жұмыстарды айта отырып, негізгі қол жеткізген нәтижелерді айтып өтті. Атап айтқанда, өңірдегі денсаулық сақтау мекемелеріне жүргізілген мониторинг барысында Ақтау және Жаңаөзен қалаларындағы емдеу мекемелерінде бірқатар кемшіліктер анықталып, облыс әкімінің қатысуымен өткен облыстық алқа отырысында жұртшылықтың назарына жеткізілді. Нәтижесі бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасына тиісті тапсырмалар берілді.

Жиында сонымен бірге өңірдегі оқу орындарына қарасты студенттік жатақханаларға жүргізілген бақылау жұмыстарының нәтижесі сөз болды. Яғни, қоғам белсенділерінің анықтағанындай, жатақханаларда жөндеу жұмыстарын айтпағанда, студенттерге тиісті бөлмелерде шетел азаматтары да заңсыз тұрып жатқандығы анықталды. Қазіргі таңда студенттік жатақханаларда анықталған кемшіліктерді жою бойынша білім беру ұйымдарымен тиісті шаралар қолға алынды.

Еліміздің ақпараттық кеңістігінде біраз резонанс тудырған «Қазақстан Темір Жолы» АҚ өңірлік бөлімшелеріне қатысты қоғамдық мониторинг нәтижелері де назардан тыс қалған жоқ. Қоғам белсенділері мен блогерлер Маңғыстау облысына қарасты теміржол вокзалында бақылау жүргізу барысында вокзал қызметкерлерімен жолаушылар пойызына билеттердің жетіспеушілігін қолдан жасап, адамдарға қиыншылық тудырып, сол арқылы жолаушылар билеттерін үстеме ақысымен қолдан сату, сондай-ақ билетсіз жолаушылардан заңсыз түрде ақы алу сияқты деректердің жүйелі түрде орын алып отырғандығы анықталды.

Арнайы мониторинг тобының жүргізген рейдтік шаралары нәтижесінде тиісті ұсынымдар беріліп, «Қазақстан Темір Жолы» акционерлік қоғамымен алдағы уақытта «Маңғыстау» стансасынан қатынайтын жолаушылар пойыздарына жаңа вагондар берілетін болады.

Арнайы мониторинг тобының мүшелері бұқаралық ақпарат құралдарында немесе әлеуметтік желілерде тұрғындардың тарапынан көтерілген мәселелерге жедел түрде әрекет етіп, тиісті мемлекеттік органдарға хабарлау тәжірибесін жалғастырып, күшейту қажеттігін ұсынды. Қоғам өкілдерінің пікірінше, тұрғындармен кері байланыс механизмдерін жетілдіруде арнайы мониторинг тобының әлеуеті зор болмақ.

Жиынды қорытындылай келе, аумақтық департамент басшысы Н.Жанназарова 2019 жылға арналған арнайы мониторинг тобының қоғамдық бақылау жүргізілетін салалар бойынша ұсыныстарын қабылдап, облыс, қала топ құрамын жаңарту, әлеуметтік желілер мен БАҚ бетіндегі қоғамды толғандырған мәселелерді конструктивті, заң талаптарына сәйкес шешу қажеттігін баса айтып, мониторинг тобының атына кір келтірмей, Агенттіктің аумақтық департаментімен бірлесіп қоғам игілігі үшін жұмыс жасауға шақырды.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Egemen Qazagstan»

Маңғыстау облысы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.02.2019

Батысқазақстандықтар жаппай шаңғы тепті

24.02.2019

UFC: Дамир Исмағұлов жеңіске жетті

24.02.2019

Михаил Кукушкин финалға шықты

24.02.2019

Дюсельдорфта әзірге жүлде жоқ

23.02.2019

Гагарин кубогындағы қарсыластар анықталды

23.02.2019

«Алматы марафонының» жүгіру маусымы ашылды

23.02.2019

Түркістанда «Балдәурен-2019» байқауы өтті

23.02.2019

Түркістан: Түлкібас ауданында 6 әлеуметтік дүкен жұмыс істейді

23.02.2019

Атырауда көпбалалы үйлерге улы газды анықтайтын детекторлар тегін орнатылып жатыр

23.02.2019

Бейбіт Атамқұлов Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілімен кездесті

23.02.2019

Бектас Бекназаров Молдовадағы сайлауды бақылауға қатысты

23.02.2019

Елшілер институты Қазақстанға отандық жұлдыздардың жанкүйерлерін тартуға жол ашады

23.02.2019

Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады

23.02.2019

Бадминтоннан әлем кубогі: қазақстандықтар жұптық сында келесі кезеңге өтті

23.02.2019

Юлия Галышева Жапониядағы әлем кубогі кезеңінде қола жүлдегер атанды

23.02.2019

Елордада ашық құдықтар мәселесі қалай шешілуде?

23.02.2019

Астанада әскерге шақырылушыларды медициналық куәландыру мәселелері талқыланды

23.02.2019

Қоғамдық қабылдауда ақтөбеліктердің мыңнан астам мәселесі шешілді

23.02.2019

ТМД құрылысшылары баға белгілеу саласында тәжірибе алмасты

23.02.2019

Жас теміржолшылар республикалық «Jas qanattar»  форумына қатысты

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Jol erejesinen buryn, saqtyq kerek

Jasyratyny joq, ózimizdiń bir áriptesimiz, Qaraǵandy tas jolynan Astanaǵa kirer tusta keshqurym, ıaǵnı alageýim shaqta kóligimen bir adamdy basyp ketti. Ol jaıaý júrginshi jolaǵymen júgire basqan jandy kórmeı qalǵan. Qansha jerden kinásin moıyndasa da, ol – jaýapker. Sebebi jaıaý júrginshige arnalǵan jolaqta ereje buzdy. Toqtamady. Al toqtar edi, biraq adamdy kórgen joq. Mine, endi mundaı jaǵdaıda kimge kiná artasyz? Jaıaý júrginshi de opat boldy, júrgizýshi de qamalady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу