Әлем • 23 Қаңтар, 2019

Ресей 2020 жылғы Олимпиада ойындарына қатыспауы мүмкін

416 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Егер Мәскеудің допингке қарсы зертханасының мәліметтері жалған екені анықталса, Ресей 2020 жылы Токиода өтетін жазғы Олимпиада және Паралимпиада ойындарына қатысудан шеттетіледі. 

Ресей 2020 жылғы Олимпиада ойындарына қатыспауы мүмкін

WADA (Дүниежүзілік Допингке Қарсы Күрес Агенттігі) өкілдері Олимпиадаға спортшылар ғана емес, шенеуніктер, көмекші қызметкерлер де қатыса алмауы мүмкін екенін айтып отыр.

Сондай-ақ Ресей белгілі бір уақыт аралығында кез келген спорт түрлері бойынша қандай да бір әлем чемпионаттарын өткізу құқығынан айырылуы мүмкін.

Қаңтар айының басында WADA сарапшылары Мәскеу зертханасының мәліметтерімен танысқан болатын. 17 қаңтарда оларды атқарушы ұйымға сәйкестік мәртебесін сақтауды ұсынды.