23 Қаңтар, 2019

Седнева мен Еркебаева Ресейдегі халықаралық турнирде топ жарды

462 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Красноярск қаласында еркін күрестен Дмитрий Миндиашвили академиясының жүлдесі үшін бүкілресейлік турнир аяқталды. Аталған сында әйелдер күресінен Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетті деп жазады Olympic.kz.

Седнева мен Еркебаева Ресейдегі халықаралық турнирде топ жарды

55 келідегі Марина Седнева мен 76 келідегі Гүлмарал Еркебаевалар қарсылас шыдатпай, өз салмағында жеңімпаз атанды. 

Аяулым Қасымова (62 келі) мен Іңкәр Жаңатаева (76 келі) екінші орын иеленсе, Альбина Қайыргелдинова (68 келі), Гаухар Мұқатай (65 келі), Жәмила Бақбергенова (72 келі), Эльмира Сыздықовалар (76 келі) үздік үштікке енді. 

Өкінішке қарай, ерлер құрамасы айтарлықтай нәтиже тіркеген жоқ. 

Еске сала кетейік, Эльмира Сыздықова "Иван Ярыгин" турнирінде Қазақстан намысын қорғайды.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше