Президент • 23 Қаңтар, 2019

Н.Назарбаев: Жусан операциясы жалғаса береді

770 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада Жастар жылының ресми ашылуында Сирияға кеткен қазақстандықтарды құтқару операциясы жалғасатынын айтты. 

Н.Назарбаев: Жусан операциясы жалғаса береді

Н.Назарбаев шиеленіс аймағынан оралғандарды бейімдеу қажеттігін еске салды. «Кішкентай балалар ұшақтан түскенде аналарынан «Мына жерге бомба түспей ме?» деп сұрайды екен деді Елбасы.

Сонымен қатар «Әр адам өз тағдырын өзі жасайды. Жақында Сириядағы шиеленіс аймағынан 47 қазақстандықты алып келдік. Олардың арасында 30 бала бар, әкелері соғыста мерт болған, аналары қорғаусыз қалған. Мұндай қауіпті әрі маңызды операцияны біздің арнайы қызмет өзге мемлекеттермен бірлесіп жүргізді.

Басқа мемлекеттер де бұл лаңкестердің көзін жоюға тырысып жатыр. Лаңкестердің арасында қазақстандықтар да бар. Жүздеген отандасымыз қаза тапты. Аман қалғандарын елге қайтаруды жалғастырамыз» деді Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше