Қостанайда «Эндохирургия мектебі» өтті

Қостанай облыстық ауруханасында «Эндохирургия мектебі» өтті. Оған  сарапшылар – медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан хирургтер қауымдастығының, Қазақстан эндохирургтер қауымдастығының құрметті мүшесі, америкалық «SAGES» гастероэнтерологиялық хирургтер қауымдастығының мүшесі, «Alanda clinic»  медицина орталығы директорының  клиника бойынша орынбасары Серік Тоқпанов, медицина ғылымдарының докторы, Астана медицина университетінің профессоры, Қазақстан эндоскопиялық хирургтер қауымдастығының президенті, АМО  эндохирургиялық қызметінің жетекшісі, Ақтөбе қаласындағы ОБКА эндоскопиялық хирургия бөлімшесінің меңгерушісі, IPEG мүшесі Владимир Котлобовский, жоғары санатты хирург, Репродуктивті медицина институтының бас дәрігері, гинекологиядағы эндовидеохирургия бойынша курс жетекшісі, Қоғамдық гинекологтар-эндоскопшылар бірлестігінің вице-президенті Данияр Жақыпов қатысып, облыс хирургтеріне «Эндохирургиядағы қауіпсіздік негіздері» атты жалпы тақырыпта семинарлар өткізді.

Егемен Қазақстан
23.01.2019 6121
2

Іс-шараның ашылу салтанатында облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Вячеслав Дудник эндовидеохирургияның дамуымен Қазақстанда медицина тарихының жаңа кезеңі басталғанын айтты.

«Біз денсаулық сақтау саласында жаңа технологияларды барынша енгіземіз, елімізде жоғары білікті мамандар даярлау үшін барлық жағдай жасалуда» деді Вячеслав Юрьевич. Негізі бүгінде эндоскопиялық операция хирургия саласында белең алып келеді. Мұндай операциялар тек облыс орталығында ғана емес, Меңдіғара, Әулиекөл секілді облыстың бірнеше ауданында да жасалады. Дегенмен, жаңа заманауи медициналық жабдықтар, технологияларды енгізу хирургтерге қауіпсіздікті ұмытпауды талап етеді.

Профессор Серік Тоқпанов хирургтердің ғана емес, жалпы дәрігерлердің басын қосатын мұндай шаралар жиі өтуі керектігіне маңыз берді.

«Өйткені қазір аурудың бір-бірімен байланысып жататынына медицинада маңыз беретін кез келді. Сондықтан хирургтер медицинаның бар саласындағы дәрігерлермен жиі араласуы, пікірлесуі қажет-ақ. Мысалы, өттегі тасты УЗИ-ге түсіреді, ол бірде кішкене, бірде зорайып көрінеді. Ол бәрібір еріп, жоқ болып кетпейді, құр әшейін дәрі де, уақыт та шығын болады. Сол сияқты хирургиялық гастероэнтерологияда да көптеген мәселе бар. Диагностиканың дұрыс болмауынан да көптеген науқас аурудың зардабын шегеді. Ал хирургтер мен дәрігерлердің бас қосуы, пікір алмасулары қателіктерді азайтады» деді Серік Имақұлы.

Профессорлар қатысқан семинарларда облыс дәрігерлері, хирургтері бірнеше тақырып бойынша пікір алмасты, медицинадағы жаңа технологиялар туралы сабақтар тыңдады.

Нәзира ЖӘРІМБЕТ,

Egemen Qazaqstan

Қостанай

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.02.2019

Батысқазақстандықтар жаппай шаңғы тепті

24.02.2019

UFC: Дамир Исмағұлов жеңіске жетті

24.02.2019

Михаил Кукушкин финалға шықты

24.02.2019

Дюсельдорфта әзірге жүлде жоқ

23.02.2019

Гагарин кубогындағы қарсыластар анықталды

23.02.2019

«Алматы марафонының» жүгіру маусымы ашылды

23.02.2019

Түркістанда «Балдәурен-2019» байқауы өтті

23.02.2019

Түркістан: Түлкібас ауданында 6 әлеуметтік дүкен жұмыс істейді

23.02.2019

Атырауда көпбалалы үйлерге улы газды анықтайтын детекторлар тегін орнатылып жатыр

23.02.2019

Бейбіт Атамқұлов Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілімен кездесті

23.02.2019

Бектас Бекназаров Молдовадағы сайлауды бақылауға қатысты

23.02.2019

Елшілер институты Қазақстанға отандық жұлдыздардың жанкүйерлерін тартуға жол ашады

23.02.2019

Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады

23.02.2019

Бадминтоннан әлем кубогі: қазақстандықтар жұптық сында келесі кезеңге өтті

23.02.2019

Юлия Галышева Жапониядағы әлем кубогі кезеңінде қола жүлдегер атанды

23.02.2019

Елордада ашық құдықтар мәселесі қалай шешілуде?

23.02.2019

Астанада әскерге шақырылушыларды медициналық куәландыру мәселелері талқыланды

23.02.2019

Қоғамдық қабылдауда ақтөбеліктердің мыңнан астам мәселесі шешілді

23.02.2019

ТМД құрылысшылары баға белгілеу саласында тәжірибе алмасты

23.02.2019

Жас теміржолшылар республикалық «Jas qanattar»  форумына қатысты

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Jol erejesinen buryn, saqtyq kerek

Jasyratyny joq, ózimizdiń bir áriptesimiz, Qaraǵandy tas jolynan Astanaǵa kirer tusta keshqurym, ıaǵnı alageýim shaqta kóligimen bir adamdy basyp ketti. Ol jaıaý júrginshi jolaǵymen júgire basqan jandy kórmeı qalǵan. Qansha jerden kinásin moıyndasa da, ol – jaýapker. Sebebi jaıaý júrginshige arnalǵan jolaqta ereje buzdy. Toqtamady. Al toqtar edi, biraq adamdy kórgen joq. Mine, endi mundaı jaǵdaıda kimge kiná artasyz? Jaıaý júrginshi de opat boldy, júrgizýshi de qamalady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу