«Шымбұлақ» пен «Роза Хутор» тау курорттары арасындағы ынтымақтастық келісімге қол қойылды

Қаңтар мен ақпан айлары қысқы туризмнің нағыз қызатын шағы.  Алатау баурайындағы табиғат ана қашап берген әйгілі демалыс орындары Шымбұлақ пен Медеуге, Ақбұлақ пен Табағанға шетелдіктер толассыз  ағылып жатады демесек те, соңғы жылдары әлемнің әр қиырынан мұнда келушілердің  саны артқан. Өзге мемлекеттер де елімізбен бұл салада ынтымақтастық байланыс орнатуға бейіл екендіктерін білдіруде. Бұл ең алдымен туристік ағымды ұлғайтып, сыртқы туризмнің дамуына серпін бермек.

Егемен Қазақстан
24.01.2019 429
2

Күні  кеше ғана Жетісудың жауһарына баланатын «Шымбұлақ» пен Ресейдің  «Роза Хутор» тау курорттары өзара ынтымақтастық келісімге келді. Бұл Ресей мен Қазақстанның  туризм саласындағы  байланысын нығайтып, екі ел арасындағы достық қатынастардың беріктігін арттыра түседі. Аталған меморандум курорттардың танымалдығын арттыру, тау туризмін дамыту, белсенді демалыс, спортпен шұғылдану және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатындағы өзара іс-қимылдарды көздеп отыр.

«Бізді пост-кеңестік кеңістіктегі ең үздік тау курорттарының бірімен ынтымақтастықтың осындай форматы ерекше қызықтырды. Мұндай синергия қонақтарымыздың шеңберін кеңейтуге қабілетті және қазір біз Қазақстан мен Ресейдің туристік нарықтарын жаңадан ашу үстіндеміз. Бізде бір-бірімізге ұсына алатын дүние көп, осы таңда өзара тиімді қатынастарды дамытуға ықпал ететін нақты маркетингтік шешімдер белгіленді»,- дейді «Роза Хутор» тау курортының бас директоры Сергей Бачин.

Екі жақты келісімге сәйкес, қазақстандық және ресейлік тау курорттарының әкімшілігі туризм және мәдени-сауықтыру демалысы, конференциялар, семинарлар және басқа да іс-шаралар мен бірлескен жобаларды іске асыру үшін барлық қолжетімді тетіктерді пайдаланатын болады. Бұл ретте өзара ақпараттық, білім беру, әдістемелік және консультациялық қолдау көрсету  жоспарлануда. Мұндай қызметтің маңызды тармағы – статистикалық, анықтамалық мәліметтермен және басқа да деректермен алмасу. Мамандар, бұл қадам шаңғы курорттарына көрші елдердің тау шаңғысы, тау, спорттық туризм ерекшеліктерін жақсырақ түсінуге мүмкіндік беретінін, сондай-ақ болашақта қазақстандық белсенді демалыс әуесқойлары арасында «Роза Хутордың», ресейліктер арасында «Шымбұлақтың» танымалдылығын арттыратынын айтады. Қос тарап әлеуетті туристердің қалауы мен сұраныстарын зерделеу арқылы серіктес-курорттарға қазақстандықтарды, ресейліктерді және басқа мемлекеттердің өкілдерін тарту стратегиясын әзірлеуге күш салатындарын айтып отыр.

– Қазақстандық және ресейлік курорттардың өзара танымалдылығын арттыруға бірлескен жеңілдік бағдарламалары ықпал етеді деп үміттенеміз және олардың әрекеті «Шымбұлақтың» және «Роза Хутордың» да қонақтарына қолданылады. Мысалы, осындай науқандардың шеңберінде курорттардың бірінде апталық ски-пасс сатып алатын туристер осы курортта немесе оның әкімшілігі ұсынған қонақ үйлердің бірінде орналасқан қонақ үйде тұрған жағдайда серіктес курорттан тегін бір апталық ски-пассты  алу құқығына ие болады, – дейді «Шымбұлақ» тау курортының бас директоры Ержан Еркінбаев.

Жаңа бастамада ерекше оқиғалар мен күндерге, әсіресе серіктес-курорт күніне орайластырылған арнайы мерекелер өткізу жобасы қолға алынған. Мұндай күндері «Роза Хуторда» демалатын туристер «Шымбұлаққа» арналған фотокөрмелерді, шығармашылық ұжымдардың концерттерін тамашалап, қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм тата алады. Өз кезегінде Іле Алатауындағы ең танымал тау курортының қонақтары да Сочидегі олимпиада мұрасының ең ірі нысаны атанған Ресей курортының тақырыптық күндеріне қатысуға мүмкіндігі бар. Осының барлығы көршілес елдердің туристік бағыттар ретінде танылуына ықпал етпек.

Арман ОКТЯБРЬ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.02.2019

Батысқазақстандықтар жаппай шаңғы тепті

24.02.2019

UFC: Дамир Исмағұлов жеңіске жетті

24.02.2019

Михаил Кукушкин финалға шықты

24.02.2019

Дюсельдорфта әзірге жүлде жоқ

23.02.2019

Гагарин кубогындағы қарсыластар анықталды

23.02.2019

«Алматы марафонының» жүгіру маусымы ашылды

23.02.2019

Түркістанда «Балдәурен-2019» байқауы өтті

23.02.2019

Түркістан: Түлкібас ауданында 6 әлеуметтік дүкен жұмыс істейді

23.02.2019

Атырауда көпбалалы үйлерге улы газды анықтайтын детекторлар тегін орнатылып жатыр

23.02.2019

Бейбіт Атамқұлов Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілімен кездесті

23.02.2019

Бектас Бекназаров Молдовадағы сайлауды бақылауға қатысты

23.02.2019

Елшілер институты Қазақстанға отандық жұлдыздардың жанкүйерлерін тартуға жол ашады

23.02.2019

Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады

23.02.2019

Бадминтоннан әлем кубогі: қазақстандықтар жұптық сында келесі кезеңге өтті

23.02.2019

Юлия Галышева Жапониядағы әлем кубогі кезеңінде қола жүлдегер атанды

23.02.2019

Елордада ашық құдықтар мәселесі қалай шешілуде?

23.02.2019

Астанада әскерге шақырылушыларды медициналық куәландыру мәселелері талқыланды

23.02.2019

Қоғамдық қабылдауда ақтөбеліктердің мыңнан астам мәселесі шешілді

23.02.2019

ТМД құрылысшылары баға белгілеу саласында тәжірибе алмасты

23.02.2019

Жас теміржолшылар республикалық «Jas qanattar»  форумына қатысты

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Jol erejesinen buryn, saqtyq kerek

Jasyratyny joq, ózimizdiń bir áriptesimiz, Qaraǵandy tas jolynan Astanaǵa kirer tusta keshqurym, ıaǵnı alageýim shaqta kóligimen bir adamdy basyp ketti. Ol jaıaý júrginshi jolaǵymen júgire basqan jandy kórmeı qalǵan. Qansha jerden kinásin moıyndasa da, ol – jaýapker. Sebebi jaıaý júrginshige arnalǵan jolaqta ereje buzdy. Toqtamady. Al toqtar edi, biraq adamdy kórgen joq. Mine, endi mundaı jaǵdaıda kimge kiná artasyz? Jaıaý júrginshi de opat boldy, júrgizýshi de qamalady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу