Қазақстан • 24 Қаңтар, 2019

Астық пен ұн тасымалдауды қамтамасыз ету – «ҚТЖ» ҰК» АҚ ерекше бақылауында

842 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

 

«ҚТЖ» ҰК» АҚ кездесу барысында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ басшылығы мен ҚР астық өңдеушілер одағы өкілдерімен астық ұнтағының өнімдерін үздіксіз тасымалдауды ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Бұл туралы мекеменің баспасөз қызметі хабарлады. 

Астық пен ұн тасымалдауды қамтамасыз ету – «ҚТЖ» ҰК» АҚ ерекше бақылауында

Әлеуметтік жүктерді, соның ішінде бидай және ұнтақ өнімдерін тасымалдауды қамтамасыз ету «ҚТЖ» ҰК» АҚ жұмысының басымдықты бағыттарының бірі болып табылады. Мәселен, ағымдағы жылы қаңтар айының басынан бері 872,4 мың тонна астық тасымалданса, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,9% артық. Бұл ретте 190 мың тонна ұнтақ өнімдері, соның ішінде экспортқа 134 мың тонна ұн тасымалданған. 

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Сауырбаев атап кеткендей, жүк жөнелтушілерді вагондармен қамтамасыз ету – ерекше бақылауда, ал әлеуметтік маңызды жүктерді тасымалдау толық көлемді орындалуда.

Қазақстан астық өңдеушілер одағының президенті Евгения Гананың айтуынша, «астық пен ұн тасымалы үшін қаңтар әдеттегідей тыныш ай болып табылады, ал 2018 жылдың қарашасы мен желтоқсаны тасымалдың жоғары шегі  болды». Ол сондай-ақ Түркменстан арқылы жаңа бағытты дамытудың маңызын атап кетті.

2018 жылы 11,5 млн. тонна астық тиелсе, бұл 2017 жылдың деңгейінен 35% асса, соның ішінде экспорт – 8,8 млн. тоннаны құрап, 2017 жыл көрсеткішінен 52% артық. Ұнтақ өнімі 3,5 млн. тоннаға тиелсе, бұл 2017 жыл деңгейінен 3% артық.

Кеңес барысында тараптар өңірлер бойынша ұнтақ өнімдерін тасымалдау туралы ай сайынғы негізде мәліметтер алмасу жөнінде уағдаласты.