Медицина • 24 Қаңтар, 2019

Медициналық қызметтің 25 түріне eGov.kz арқылы қол жеткізуге болады

496 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен жылдың желтоқсан айынан бастап наркологиялық, психоневрологиялық және туберкулез диспансерінен анықтаманы тегін және онлайн алуға мүмкіндік туды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев айтты.

Медициналық қызметтің 25 түріне eGov.kz арқылы қол жеткізуге болады

«Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан көрсетілетін 40-тан аса медициналық қызмет бар. Оның 25-ін электронды түрге толығымен ауыстырып, 2018 жылы желтоқсан айында наркологиялық, психоневрологиялық және туберкулез диспансері анықтамаларын толығымен тегін және онлайн түрде берілетін етіп жасадық», деді Олжас Әбішев.

Яғни, бұл қызметтердің барлығына «Электронды үкімет» порталы арқылы қол жеткізуге болады. Вице-министрдің айтуынша, бұл анықтамалар бойынша мәліметтер Ұлттық қауіпсіздік комитеті бекіткен стандарттар бойынша қорғалады.

Майгүл СҰЛТАН,

«Egemen Qazaqstan»