26 Қаңтар, 2019

2 жасар Юленнің өлі денесі табылды

623 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 

Алдыңғы аптаның соңында  Испанияның Малага провинциясында 100 метрлік құдыққа түсіп кеткен 2 жасар Юленді іздеу операциясы қайғылы жағдаймен аяқталды. Бұл туралы EURONEWS хабарлады.

2 жасар Юленнің өлі денесі табылды

Бүгін түнде баланың өлі денесі табылды. Испания премьер-министрі мен король балақайдың отбасына көңіл айтты.

Осы жолғы құтқару операциясы Испания тарихындағы ең күрделі әрі ауыр оқиға болды. Баланы алып шығу үшін жаңадан тоннель қазып, жерасты галереясының бір бөлігін шахтерлердің қолмен қазуына тура келді.

Дегенмен ештеңеге қарамастан баланы аман алып қалу мүмкін болмады.

«Юленнің ата-анасынан шұғыл хабар түскен сәттен бастап Малага полициясы тергеуді бастады. Құқық қорғау органдары баланың құдыққа қалай құлап кеткенін, неге олай болғанын бастан-аяқ анықтайтын болады», - деп мәлім етті Euronews.