Аймақтар • 30 Қаңтар, 2019

ШҚО Алтай ауданындағы перзентхана күрделі жөндеуден өтеді

668 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2019 жылы Алтай ауданындағы перзентхананы күрделі жөндеуден өткізу жоспарланып отыр.

ШҚО Алтай ауданындағы перзентхана күрделі жөндеуден өтеді

Бұл мақсатқа 393 миллион теңге қаражат бөлініпті. Алтай аудандық ауруханасының бас дәрігері Владимир Коробкиннің айтуынша, ескі ғимараттың тек қабырғасы ғана қалып, қалған бөлігі толық жаңартылады. Жөндеу жұмыстарын 5 ай көлемінде аяқтау жоспарлануда.

Ғимараттың жобалық-сметалық құжаттарын жасау кезінде жергілікті дәрігерлердің өтініш-тілектері ескеріліп, бұрынғы бір бөлмелі палаталарды қалдырып, заманауи себезгі бөлмесін ашу көзделіп отыр. Сонымен қатар перзентханаға мүмкіндігі шектеулі жандардың ғимаратқа емін-еркін кіріп-шығуына ғана емес, нәрестелерді бір блоктан екінші блокқа тасымалдауға мүмкіндік беретін  пандустар орнатылмақ.

Азамат ҚАСЫМ,

 «Egemen Qazaqstan»

Шығыс Қазақстан облысы,

Алтай ауданы