30 Қаңтар, 2019

Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды

981 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз хатшысы Айдар Қырықбай Facebook желісіндегі парақшасында хабарлады.

Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды

«Серік Сәпиев Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының бұйрығымен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Құтты болсын!» делінген баспасөз хатшысының жазбасында.

Естеріңізге салсақ, бүгін Серік Сәпиев депутаттықтан кету туралы өтініш білдірген болатын. Парламент Мәжілісі оның өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады.